Қоғам

Қазақстанда "Қара бүркіт" атымен танылған колонияның басшысы ұсталды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуСотрудник СИЗО
Сотрудник СИЗО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл мекемеде өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах пен алматылық қылмыскер Руслан Күлекбаев жазасын өтеуде

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. 26 тамыз күні кешке Қостанай облысында УK-161/3 мекемесінің басшысы Арман Әбілев ұсталды, деп хабарлайды TobolInfo.

Бұл мекеме ел аузында "Қара бүркіт" деген атпен кең танылған. Өйткені, мұнда өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтеп жатыр. Атап айтқанда, "Арқанкерген" шекара заставасында серіктестеріне оқ жаудырып, қырып салғаны үшін сотталған Владислав Челах пен алматылық қылмыскер Руслан Күлекбаев бар.

Айта кетейік, Арман Әбілев колонияның басшысы қызметіне 2019 жылдың желтоқсанында тағайындалған.

Өңірлік порталдың хабарлауынша, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері параның екінші бөлігі ретінде 700 мың теңге алғаны үшін ұсталды. Ал параның жалпы сомасы 1 миллион теңгені құраған.

Оқи отырыңыз: "Түрме вице-министрдің көзімен": Суханбердиева кітап жазды

Күдіктіге ақшаны аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушыны қамқорлығынына алу үшін берген.

Жаңалықтар
0