Қоғам

"Жарты миллион адам зардабын тартты": Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жолдады

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял участие в международной конференции, посвященной 25-летию Конституции Казахстана
Касым-Жомарт Токаев принял участие в международной конференции, посвященной 25-летию Конституции Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарты миллионнан астам адам Семей полигонындағы жарылыстардың тікелей зардабын тартты, 2021 жылы бұл аумақты кешенді экологиялық зерттеу аяқталады

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семей полигонын жабу неліктен бүкіл әлем үшін тарихи шешім болғанын айтты.

"Осыдан тура 29 жыл бұрын, 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ядролық қару-жарақтан бас тарту туралы теңдессіз тарихи шешім қабылдап, антиядролық қозғалыстың көшбасшыларының бірі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысымен 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жарияланды", - деп атап өтті Тоқаев.

Осылайша, 450-ден астам жарылыс жасалған әлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңының бірі – Семей полигоны, бұрынғы Кеңес Одағы басшылығының қарсылығына қарамастан, біржола жабылды.

Президенттің пікірінше, бұл өскелең ұрпақтың жарқын келешегі мен мемлекетіміздің баянды болашағы жолында жасалған шешуші қадам болды. Сонымен қатар әлемнің әр түкпіріндегі сынақ алаңдарының жабылуына жол ашқан батыл бастамаға айналды.

"Тәуелсіздікті ядролық қарусыздану және жойқын қаруды таратпау жөніндегі бейбіт ұстаныммен қарсы алуымыз Елбасының саяси ерік-жігері мен салиқалы саясатының арқасында жүзеге асқаны анық", - деп толықтырды Тоқаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, Назарбаев тарихта тұңғыш рет ядролық полигонды өз еркімен жабу жөнінде парасатты шешім қабылдауы арқылы әлемдегі қауіпсіздікті және бейбітшілікті қамтамасыз етуге зор үлес қосты. Осы батыл әрекет әлем тарихында жарқын бет ретінде мәңгі қалмақ.

Экологияға және адам денсаулығына зиян келді

Семей полигонындағы ядролық сынақтар "адам денсаулығы мен қоршаған ортаға адам төзгісіз зиян келтірді", - деп атап өтті Тоқаев.

Олар іргелес аумақтардың қарқынды радиоактивті ластануына әкеп соқтырды. Аумағы 300 мың шаршы шақырым болатын полигонның айналасында жарты миллионға жуық адам өмір сүрді. Оларға жарылыстардың салдары тікелей әсер етті.  

Оқи отырыңыз: Үстел қозғала бастайтын - семейлік дәрігер жантүршігерлік оқиғаны баяндады

Полигон жабылғаннан кейін Қазақстан үшін алғашқы міндеттердің бірі ұзаққа созылған ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен адамдар мен аумақтарды әлеуметтік оңалту болды.

1992 жылдың 18 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңға қол қойды. Онда халықты емдеу, сауықтыру, оңалту, әлеуметтік қорғау және бұрынғы полигон аумағын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша шаралар кешені қарастырылды.  

Бұрынғы полигондағы қауіпсіздік

Қоғамдық бақылаудың болмауы және бұрынғы ядролық сынақ полигонына ашық қолжетімділік ядролық қаруды таратпау режимін бұзу, сондай-ақ ядролық терроризм қаупімен байланысты қауіп-қатерді арттырды.

Ел басшылығы қабылдаған ядролық қаруды таратпау жөніндегі қазіргі шаралар қуатты ядролық арсеналды бақылаусыз пайдаланудан халықаралық қауымдастыққа төнетін қатерді толығымен жойды, деп атап өтті мемлекет басшысы.

"Полигон ғылыми зерттеудің нысанына айналды. Қауіпті нысандарды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін көп деңгейлі жүйе құрылды. Ластанған аумақтарды қалпына келтіру жөнінде жеті ірі жоба жүзеге асырылды. Келесі жылы 18,5 мың шаршы шақырым полигонның бүкіл аумағын кешенді экологиялық зерттеу аяқталады", - деп жазды Тоқаев.

Тұтастай алғанда бұрынғы Семей полигонының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстар әлемде теңдессіз болып қала береді.

Полигонды ядролық қарудан тазарту жұмыстары Қазақстанның Ресей Федерациясы, АҚШ және басқа елдермен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен, ең алдымен МАГАТЭ-мен кең ауқымды өзара әрекеттестігінің аясында өтті.

Қазақстан Республикасы алдағы уақытта да халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, жаһандық шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге белсенді қатысады.  

Жаңалықтар
0