Қоғам

65 мың адам қайтыс болды: Қазақстанда пандемияға қарамастан өлім-жітім азайды  

© Photo : акимат Нур-СултанаМедики
Медики - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарты жылда ең көп адам Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарында қайтыс болды. Тұмау, жіті респираторлық ауру және пневмониядан 2,1 мың адам көз жұмды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3%-ке төмен

АЛМАТЫ, 8 қыркүйек  — Sputnik. Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 65 мың адам қайтыс болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ке аз. Бұл туралы Ranking.kz статистика комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, қайтыс болғандардың 60,9%-і немесе 39,5 мың адам – қала тұрғыны. Ал 39,1%-і немесе 25,4 мың адам – ауыл тұрғыны.

Қай өңірде қайтыс болғандар көп

Өңірлер бойынша қайтыс болғандардың ең көбі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Ол жақта жарты жылда 6,9 мың адам қайтыс болды. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 4,2%-ке аз.

Тізімде екінші болып Алматы облысы тұр, бұл аймақта 6,8 мың адам қайтыс болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,1%-ке көп.

Үшінші орында 6,5 мың адам қайтыс болған Қарағанды облысы тұр, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға аз.

Өлімнің басты себебі

Қайтыс болғандардың ішінде 15,7 мың адам қан айналымы жүйесі ауруларынан, тағы 15,7 мың адам қатерлі ісіктен көз жұмды.

Тыныс алу органдарының ауруларынан 7,3 мың адам қайтыс болды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 12,6%-ке аз. Тұмау, жіті респираторлық ауру мен пневмониядан 2,1 мың адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ке аз.

Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігінде тегін жұмыс істеймін – Бағдат Қожахметов 

Жазатайым оқиға, уланудан және жарақаттан 4 883 қазақстандық көз жұмды, кісі қолынан 310 адам өлді. 987 адам өзіне қол жұмсады.

Коронавирус және пневмония статистикасы

13 наурыздан 8 қыркүйекке дейін Қазақстанда COVID-19-дан 1 640 адам қайтыс болды. Коронавирус пневмониясынан 1 тамыздан 8 қыркүйекке дейін 315 қазақстандық көз жұмды.

Жаңалықтар
0