Қоғам

Қазақстанда күзде 17 мыңнан аса адам әскерге шақырылады 

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемияға байланысты әскерге шақыру және жиын пунктерінде, Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Күзгі әскери шақыру науқаны аясында 17 мыңнан астам қазақстандықты әскерге шақыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  Бұл туралы Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Сәкен Жүсіпов мәлімдеді. 

"Жергілікті атқарушы органдар құрған медициналық және әскерге шақыру комиссиялары өз жұмысына кірісті. Қыркүйектен желтоқсанға дейінгі аралықта Қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдар қатарына 18-ден 27 жасқа дейінгі 17 мыңнан астам азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр", - деді ол онлайн баспасөз мәслихатында.

"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңның 27-бабы 3-тармағына сәйкес, азаматтарды әскерге шақыруды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. 

Жүсіпов пандемияға байланысты әскерге шақыру және жиын пунктерінде, Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде санитарлық-эпидемиологиялық шаралар күшейтілгенін атап өтті. 

"Соның нәтижесінде әскери ортаға коронавирустың жаппай таралуына жол берілген жоқ", - деді полковник. 

Әскерге шақырудың күзгі науқаны бірінші қыркүйектен бастап желтоқсан айының соңына дейін жүргізіледі.

Жаңалықтар
0