Қоғам

Сұлтанов картоп пен қант неге қымбаттағанын түсіндірді 

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуСахар
Сахар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр қаңтар айынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттауы барлық өңірде байқалғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Егістік аумағының қысқаруы мен маусымаралық тапшылық картоп, қарақұмық, қант және сәбіздің қымбаттауына себеп болды. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 4,4%-ке өсті. Негізгі өсім қарақұмық жармасы мен қант, сәбіз бен картоп құнында байқалды. Басты себебі –  егістік аумағының қысқаруы және маусымаралық тапшылық", - деп түсіндірді Сұлтанов үкімет отырысында. 

Министр қаңтар айынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің қымбаттауы барлық өңірде байқалғанын атап өтті. Десе де, ішкі нарықтағы сұраныс отандық азық-түлік тауарлары есебінен жабылған. 

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бес түрі арзандады. Мәселен, қырыққабаттың бағасы 21,4%-ке төмендеді. Жалпы өсім көрсеткіші 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есе төмен. Өсімнің 90%-і, яғни 4,1 проценттік пункті, елде төтенше жағдай режимі енгізілген кезеңінде тіркелді", - деді ведомство басшысы. 

Мұның негізгі себептері, айтуынша, карантинмен байланысты азық-түлікке үлкен сұраныс және логистика мен тауар тасымалдаудың өзгеруі, маусымаралық кезеңдегі тапшылық. 

Сонымен қатар, министр мамыр айынан бастап баға өсімі реттеле бастағанын айтты. 

Атап айтқанда, баға мамырда 0,1%-ке өсті, маусым мен шілдеде сол күйі сақталып, тамызда тіпті -1%-ке төмендеген.

Жаңалықтар
0