Қоғам

Қазақстанда тағы 78 адамнан коронавирус табылды

© REUTERS / KAI PFAFFENBACHПробирка для анализа на коронавирус
Пробирка для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында инфекция жұқтырған бірде-бір адам анықталмады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 78 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бес өңірде инфекция жұқтырған бірде-бір адам анықталмады: олар – Алматы, Түркістан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласы.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 25,
  • Алматы қаласы – 7,
  • Ақмола облысы – 2,
  • Ақтөбе облысы – 2,
  • Атырау облысы – 3,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 20,
  • Жамбыл облысы – 2,
  • Батыс Қазақстан облысы – 3,
  • Қарағанды облысы – 5,
  • Қостанай облысы – 3,
  • Павлодар облысы – 2,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 4.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 107 134.

Жаңалықтар
0