Қоғам

Адам саудасы: полиция үш күн ішінде 50-ден астам қылмысты анықтады

© AFP 2024 / REMY GABALDAРаботница коммерческого секса, архивное фото
Работница коммерческого секса, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәмелетке толмағандардың саудасы, еңбек және сексуалды құлдыққа салу мақсатында бостандығынан айыру, жезөзекшелікпен айналысуға итермелеу секілді қылмыстар ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. "STOP трафик" операциясы кезінде үш күннің ішінде адам саудасымен байланысты 50-ден астам қылмыс анықталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол жуырда кезекті кең ауқымды "STOP трафик" операциясы жүргізілгенін атап өтті. Оған полиция органдарының қосымша күштері мен құралдары тартылған.

"Операцияның үш күні ішінде полицейлер адам саудасымен байланысты 50-ден аса қылмысты анықтады. Оның ішінде 3 факті – адам саудасы, атап айтқанда екеуі кәмелетке толмағандардың саудасы, 3 – еңбек және сексуалды құлдыққа салу мақсатында бостандығынан айыру, 6 – жезөзекшелікпен айналысуға итермелеу", - деді Таев онлайн брифингте.

Сонымен қатар, айтуынша, жезөзекшелер ордасын ұйымдастырудың 41 фактісі анықталған.

Бұған қоса, жезөзекшелікпен және жеңгетайлықпен айналысуға орын-жай ұсынғаны үшін 14, ал адамға тиіскені үшін 184 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді.

Жаңалықтар
0