Қоғам

Емтихан тапсыруға шыққан: Алматыда 9 жыл бұрын жоғалып кеткен қыз табылды

© Sputnik / Alexandr Kryazhev / Медиабанкке өтуМектеп сыныбында отырған қыз
Мектеп сыныбында отырған қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маңғыстаулық қыз 2011 жылы үйінен мектепке емтихан тапсыруға шығып, сол күйі оралмаған, ол кезде жасы он алтыда болған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында тоғыз жыл бұрын жоғалып кеткен қыз Алматыдан табылды.

Ата-анасы оны көз жұмды деп ойлаған. Қызды Мұнайлы ауданы полициясының қызметкерлері іздеп тапты, деп хабарлайды tumba.kz.

Белгілі болғандай, ол 2011 жылы үйінен мектепке емтихан тапсыруға шығып, сол күйі оралмаған. Ол кезде жасы 16-да болыпты.

"Қанша уақыт өтсе де, іс жабылмайды. Жоғалғандарды іздеу жұмысы ештеңеге қарамастан жалғаса береді. Кейде із-түссіз кеткендерді 12, тіпті 15 жылдан кейін табатын кездер болады. Міне, бұл қыз да енді табылып отыр,  ата-анасы оны көз жұмды деп ойлаған", - деді полициядан.

Қыз Алматы қаласынан табылды.

"Тексеріс барысында анықталғандай, ол мектеп емтиханын тапсыра алмағандықтан, үйіне баруға ұялған. Сөйтіп, мүлде басқа қалаға кетіп қалуға бел байлаған", - деді полициядағылар.  

Қазір ол ата-анасымен бірге үйінде.

Жаңалықтар
0