Қоғам

Қазақстанда 76 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

© Photo : Пресс-служба акимата Нур-СултанаМодульная лаборатория в спорткомплексе "Казахстан" в Нур-Султане
Модульная лаборатория в спорткомплексе Казахстан в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған ең көп жағдай Шығыс Қазақстан облысында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. Өткен тәулікте Қазақстанда 76 адамның коронавирус індетімен ауырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

"Індет жұқтырғандардың көпшілігі Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді. Ал Шымкент қаласы мен Жамбыл, Павлодар, Түркістан және Маңғыстау облыстарында ешбір жағдай анықталмады", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 20
  • Алматы қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 2
  • Ақтөбе облысы - 1
  • Алматы облысы - 3
  • Атырау облысы - 5
  • Шығыс Қазақстан облысы - 28
  • Батыс Қазақстан облысы - 2
  • Қарағанды облысы - 4
  • Қостанай облысы - 2
  • Қызылорда облысы - 1
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5

Жалпы республика бойынша 107 450 қазақстандықта COVID-19 диагнозы расталды. 102 219 адам сауығып кетті, 1 699 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0