Мейрамбек Бесбаев, әнші

"Тыңдайтын құлақ жоқ": Мейрамбек Бесбаев Алматы басшылығына ренішін айтты

2275
(Жаңартылды 12:00 23.09.2020)
Өткен жылы Мейрамбек Беспаев Алматы қаласы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған еді

АЛМАТЫ, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласының басшылығына ренішін жеткізді. Әлеуметтік желідегі парақшасында әнші өнердегі аға буынның арасында Алматыдан аядай мекен таппай жүрген кісілердің бар екенін жазды. Айтуынша, осы мәселені көтергенімен, ешкім сөзіне құлақ аспаған.

"Алматы – көшелерінде талай мықтының табанының табы қалған, ән мен жырға арқау болған алып шаһар. Бір өкініштісі, сол қаланың бұрышынан қуықтай мекен бұйырмай жүрген өнердегі біраз ақсақалдарымыз бар. Айтудай-ақ айттық. Тыңдайтын құлақ жоқ", - деп жазды Бесбаев Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, әнші Алматыда аға буынды ардақтайтын басшының жоқ екенін айтты.

"Өнерпазына үрке қарайтын елде тұрып жатырмыз. Алдыңғы буын ағаларымызды ардақтайтын бір басшы табылмағаны өкінішті. Барын бағалай алмаған елдің ертеңіне сеніммен қарауға бола ма?", - деді ол.

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын, 2019 жылдың қыркүйегінде Мейрамбек Беспаев Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Әлеуметтік желідегі жазбаларының бірінде әнші Бақытжан Сағынтаевтың жанында жүріп игі істерге куә болғанын, мәдениет саласында оң өзгерістер болып жатқанын жазған еді.

"Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" дейді қазақ. Бақытжан Әбдірұлы қала әкімі болғалы Алматының тамырына қан жүгіре бастады. Қасында жүріп біраз игі шаралардың куәсі болдым. Аз уақыттың ішінде мыңға жуық пәтердің кілті табысталып, мәдениет саласында да оң өзгерістер болып жатыр", - деп жазды Бесбаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 𝐌𝐄𝐈𝐑𝐀𝐌𝐁𝐄𝐊 𝐁𝐄𝐒𝐁𝐀𝐄𝐕 (@m_besbaev)

Айта кетейік, Бесбаев 2020 жылдың қаңтарында Қазақстан орындаушылар одағының төрағасы болып сайланды. Бұл қызметте өнерде жүрген әншілердің құқығын қорғап, тиісті шаруаларын шешеді.

2275
Кілт сөздер:
Мейрамбек Беспаев
Тақырып бойынша
Мейрамбек Бесбаев карантин қазақ халқын қалай өзгертетінін айтты
Мейрамбек Бесбаев әкімнің кеңесшісі болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді
Мейрамбек Бесбаев қазылық ететін бағдарламадан шу шықты
Мейрамбек Бесбаев депутат Балиевадан қысым көріп жатқанын мәлімдеді
Мейрамбек Беспаев: Атақ үшін қырылысып, өкпелеген талай көкелерді көрдім
Мейрамбек Бесбаев депутат Балиевамен қандай мәмілеге келгенін айтып берді
Тікелей эфирде ұсталған Ернар Айдардың ісіне қатысты Мейрамбек Бесбаев пікір білдірді
Су, архивтегі сурет

2025 жылға қарай халық толықтай ауыз сумен қамтылады Мамин 

0
Премьер әр әкімдіктің елді мекендерге, әсіресе, тұрғындары аз ауылдарға тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болу керектігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 100 проценті ауыз суға қол жеткізеді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Үкімет басшысының айтуынша, елде орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда 97,2%, ауылдарда 86,4%-ті құрайды. 

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай халықтың 100%-і сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етіледі. Осының арқасында біз халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесін толығымен шешеміз", - деді Мамин үкімет отырысында. 

Ол әр әкімдіктің елді мекендерге, әсіресе, тұрғындары аз ауылдарға тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болу керектігін атап өтті. 

"Осы мәселедегі маңызды фактор топтық су құбырларының инфрақұрылымын жасау және ауылдардың шекарасына дейін жеткізу керек. Бұл жұмыс желілерді елді мекендердің ішінде тартумен үйлесімді жүруі қажет. Жауапты министрліктер мен әкімдіктер, бірінші кезекте, артта қалған өңірлер осы мәселені ерекше бақылауда ұстасын", - деді премьер. 

Тағы бір маңызды міндет, айтуынша, кәріздік тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту. 
Мамин бұл мәселені шешу үшін қаржыландыру көздері анықталып, жобалау құжаттамасы әзірленіп жатқанын айтты. Ол осы жұмыстарды жылдам аяқтап, жобаларды іске асыруға кірісуді тапсырды. 
Сонымен қатар, премьер-министр 2021 жылдың соңына дейін 197 мың тұрғыны бар 38 елді мекенге су жүргізуді көздейтін, ұзаққа созылған үш жобаның құрылысын аяқтау керектігін мәлімдеді. 

Бұдан бөлек, құзырлы органдарға халық үшін тарифтердің өсуіне жол бермеу үшін кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау  жобаларын іске асыру тетігін заң жүзінде бекітуді тапсырды.

 

0
Жедел жәрдем қызметкерлері

Бір тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 6 адам көз жұмды

6
(Жаңартылды 09:51 27.10.2020)
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан барлығы 1 830, ал пневмониядан 395 адам қайтыс болғаны хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 6 адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның хабарлауынша, қайтыс болған бес адамда COVID-19 диагнозы расталды. Ал біреуі пневмониядан көз жұмды.

3 088 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдап жатыр, олардың 248-і бала.

Өткен тәулікте 142 адам коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.

Пандемия басталғалы 110 684 адамда COVID-19 анықталды. 105 766 науқас жазылып шықты. Коронавирустан 1 830, пневмониядан 395 адам қайтыс болды.

Коронавирустық пневмония

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы тіркелді. Бір науқас қайтыс болды. 17 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бастап 36 931 дертке шалдықты. 395 науқас көз жұмды, ал жазылып шыққандардың саны 28 548-ге жетті.

 

6
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы