Еңбек кітапшасы

Депутат жұмыспен қамту орталықтарының былығын әшкереледі

4375
Министрдің өзі нысаналы көрсеткіштер үшін осы кезге дейін жалған жұмысқа орналастыру жағдайлары болғанын жоққа шығармады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Құдайберген Ержан жұмыспен қамту орталықтары нысаналы көрсеткіштерге қандай жолмен қол жеткізетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутат бүгінде жұмыс істеп тұрған 200-ге жуық жұмыспен қамту орталығының негізгі міндеті – жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу екенін атап өтті. Бірақ мұндай орталықтар нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін түрлі заңбұзушылықтарға барып жатады.

"Мәселен, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері жұмыс берушілермен келіседі де орталық жолдамасымен қайтадан жұмысқа орналасты деп белгі қояды. Яғни, еңбек нарығы ақпараттық жүйесіне өзгеріс енгізу олар үшін оңай. Ал шын мәнінде жаңа жұмыс орны ашылған жоқ. Бірақ іс жүзінде әлгі адам өз кәсіпорнында жұмысын жалғастырып жатдады. Осылайша жұмыспен қамту көбіне, формалды түрде өтеді", – деді депутат мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Осыған байланысты Құдайберген Ержан жұмыспен қамту процестерін автоматтандыру қажеттігі туындағанын айтты.

Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов депутаттың сөзімен толық келісетінін білдірді.

"Мұндай проблема бары жасырын емес. Оны прокуратура тексеріп, айқындаған. Нысаналы көрсеткіштер үшін жалған жұмысқа орналастыру, бір мекемеден шығарып, оған қайта кіргізу жағдайлары тіркелді", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Ірі қалалардың жұмыспен қамту орталықтарында электронды кезек енгізілді

Министр қазір бұған цифрлық-ақпараттық жүйе арқылы тосқауыл қойылып жатқанын атап өтті.

"Қазір адамды жұмыспен қамту орталығы жұмысқа жіберердің алдында, ақпараттық жүйе оның алдыңғы жұмысын тексеріп алады. Сөйтіп, ол адамға бір жерден жұмыстан шығып, оған қайтып баруына ақпараттық жүйе жол бермейді. Жалпы болашақта біз жұмыспен қамту орталықтарын халықпен қатынаспай, цифрлық шешімдер арқылы жұмыс істеуге көшіреміз", – деді Нұрымбетов.

4375
Кілт сөздер:
депутат, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жұмыспен қамту
Тақырып бойынша
Еңбек министрі ең төменгі жалақы қашан және қаншаға өсетінін айтты
Экономистер зейнетақы жинағын қай салаларда жұмыс істейтіндер алатынын айтты
Оқы, оқы және оқы: Қазақстан еңбек нарығын жаңғыртады
Енді жұмыспен қамту орталықтарында жалақы адам санына қарай төленеді
Азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында әкімдіктерге жаңа міндет жүктелді
кеспе

Министрлік корей кеспесі қандай жағдайда қайта сатыла бастайтынын айтты

0
Сырттан әкелінген тауар кеден одағының талаптарына сәйкестендірілген кезде Қазақстанда қайтадан Корей кеспесін сатуға рұқсат беріледі

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті корей кеспесі Қазақстан нарығын қандай жағдайда қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан аумағына әкелінетін өнім кеден одағының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар генетикалық түрлендірілген организмдердің (ГМО) болуы туралы таңбалау талаптары бұзылмауы керек.

"Корея Республикасының уәкілетті органдарын санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізу туралы хабардар ету және өнім өндірушіге қатысты бақылауды күшейту, сондай-ақ өнімнің Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігін бақылау зерттеулерінің нәтижелері корей кеспесін әкелуге және өткізуге тыйым салуды жоюға негіз болады", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар комитет қазір республика бойынша сауда желісінде талапқа сәйкес келмейтін өнімді сатудан алып тастау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тыйымды бұзып, корей кеспесін сатуды жалғастыратын кәсіпкерлерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы ("халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша айыппұл салынады.

Айта кетейік, 14 қазаннан бастап Қазақстанда генетикалық түрлендірілген сояның көп болуына байланысты "Оттоги Рамен" компаниясының оңтүстік кореялық тез дайындалатын кеспесін әкелуге және сатуға тыйым салынды.

Сонымен қатар санитар дәрігерлер Қытайда шығарылған Better Cokies Danish Pride печеньесіне де тыйым салды.

0
Қандастар, архивтегі сурет

Биыл 11 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

7
(Жаңартылды 12:44 26.10.2020)
1991 жылдан бері елге 1 миллионнан астам этникалық қазақ оралды. Қандастардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. 2020 жылы 11 мыңға жуық этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Оларға қандас мәртебесі берілді (бұған дейін оралман - Sputnik). Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам Қазақстанға оралды. Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралды.

"Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Қытайдан, 27,7%-і – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден", - делінген хабарламада.

Келген этникалық қазақтар, негізінен, Алматы және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанды.

Қандастардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті. 10,3%-і - зейнеткерлер.

Еске сала кетсек, енді этникалық қазақтар 1991 жылға дейін шет мемлекетте тұрғанын растамайды. Сондай-ақ, "оралман" сөзінің орнына қандас термині қолданылады.

7
Кілт сөздер:
этникалық қазақ
Тақырып бойынша
АҚШ Қытайда қысым көрген этникалық қазақтарға қатысты мәлімдеме жасады
Оралман емес, қандас: сенат этникалық қазақтарға қатысты заң қабылдады 
Назарбаева Қытай елшісімен кездесуінде этникалық қазақтар проблемасын көтерді
Қазақстан бүкіл әлемдегі этникалық қазақтарға арнайы куәліктер береді
Оралман ба, әлде қандас па - министр өзіне қай сөз жақын екенін айтты