Қоғам

Алматыда қоғамдық көліктің жұмыс уақыты ұзартылды

© Photo : АлматыЭлектроТрансАвтобус "в маске"
Автобус в маске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Алматыда қоғамдық көліктің жұмысы бір сағатқа 22.00-ге дейін қысқартылған болатын

АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. 29 қыркүйектен бастап Алматыда қоғамдық көлік қалыпты жұмыс режиміне оралады, деп хабарлады қаланың көлік холдингі.

"29 қыркүйектен бастап Алматы қаласының қоғамдық көліктері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүретін болады", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қоғамдық көліктің жұмысы бір сағатқа, 22.00-ге дейін қысқартылды.

Сонымен қатар қалада демалыс күндері қоғамдық көлік әдеттегідей жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтары автобуста медициналық маска тағуға міндетті. Жол ақысы тек электронды түрде төленеді.

Жаңалықтар
0