Қоғам

Жарты ғасырлық тарихы бар әскери институтқа Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

© Photo : Минобороны КазахстанаҚұрлық әскерлерінің әскери институтына армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді
Құрлық әскерлерінің әскери институтына армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Құрлық әскерлерінің әскери институты жарты ғасырлық мерейтойын атап өткен, осы уақыт ішінде жоғары оқу орны 13 мыңнан аса офицерді даярлап шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтына армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Үкіметтің 11 қыркүйектегі қаулысымен еліміздегі әскери кадрларды даярлайтын бірегей білім ордасы – Құрлық әскерлерінің әскери институтына армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді", - делінген хабарламада.

© Photo : Минобороны КазахстанаҚұрлық әскерлерінің әскери институтына армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді
Жарты ғасырлық тарихы бар әскери институтқа Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді - Sputnik Қазақстан
Құрлық әскерлерінің әскери институтына армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

Сағадат Нұрмағамбетов – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарында даңқты жауынгерлік жолын Берлинде аяқтаған. Кеңес заманы  кезінде М.И. Фрунзе атындағы әскери академияны тәмамдағаннан кейін,  түрлі штабтық және командалық лауазымдарда, Венгриядағы Оңтүстiк топ әскерлерi қолбасшысының бiрiншi орынбасары қызметін атқарды. Тәуелсіз Қазақстан армиясының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Биыл әскери жоғары оқу орны жарты ғасырлық мерейтойын атап өтті.

Министрліктің мәліметінше, осы уақыт ішінде Құрлық әскерлерінің әскери институты 13 мыңнан астам офицерді даярлап шығарды. Олардың 80-нен астамы Қазақстанда, сондай-ақ шет мемлекеттерде генерал атағын алды.

Жаңалықтар
0