Қоғам

"Барыс" хоккейшілері індет жұқтырды: Пірәлиева спортшылардың жағдайы туралы айтты

© Photo : ХК "Барыс""Барыс" в овертайме уступил "Торпедо"
Барыс в овертайме уступил Торпедо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус ұжымдарда таралып жатыр, мәселен жуырда "Барыс" хоккейшілерінің инфекция жұқтырғаны анықталды, дейді бас санитар дәрігер

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Барыс" командасының хоккейшілері коронавирус жұқтырды. Қазір олар үй карантинінде, денсаулығына шағымы жоқ. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Коронавирус ұйымдасқан ұжымдарда таралып жатыр. Мәселен, жуырда "Барыс" командасында хоккейшілер арасында тіркелді. Спортшылар профилактикалық мақсатта тексерілген еді. Сол кезде 19 спортшының вирус жұқтырғаны анықталды. Олардың бәрінде ауру белгілері жоқ, симптомсыз", - деді Пірәлиева онлайн брифингте.

Айтуынша, қазір бәрі үй карантиніне алынған, дәрігерлердің бақылауында. Денсаулығына шағымы жоқ.

Пандемия басталғалы бері Нұр-Сұлтанда 14 084 адам коронавирус жұқтырды.

Жаңалықтар
0