Қоғам

Нұр-Сұлтанда жүргізушінің жолдағы бассыздығы видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан, жолдағы автокөліктер
Нұр-Сұлтан, жолдағы автокөліктер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мас жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып, жаяу жүргіншіні қағып кете жаздады. Жас жігіт 20 тәулікке қамалды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда мас жүргізушінің қауіпті әрекеті камераға түсіп қалды. Полиция ер адамды тауып, 20 тәулікке қамады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Видеодан көрінгендей, жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып кетеді. Тіпті, жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған.

Полицияның ақпаратынша, оқиға 28 қыркүйек күні түсте болған. "102" нөміріне Момышұлы-Жұмабаев даңғылының қиылысында Toyota Highlander маркалы автокөлік жол ережесін бұзғаны туралы бірнеше хабарлама түсті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_kz +21 | 🇰🇿Kz (@kris_p_kz)

"Нұр-Сұлтанның полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Абылай хан көшесінде 24 жастағы жүргізушіні ұстады. Ер адам мас болған. Тексеріс барысында оның жүргізуші куәлігі болмағаны анықталды", - делінген хабарламада.

Мас жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 6-тармағы, 599-бабы 1-тармағы, 600-бабы 1-тармағы, 596-бабы 1-тармағы бойынша бірнеше әкімшілік өндіріс қозғалды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен ол 20 тәулікке қамалды. Автокөлік коммуналдық айып тұрағына қойылды.

Жаңалықтар
0