Қоғам

Қазақстандықтар коммуналдық қызмет үшін 17 млрд теңге қарыз болып қалды

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне, деньги, тенге, купюры
Портмоне, деньги, тенге, купюры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірлер арасында ең көп қарыз Алматы қаласында , одан кейін Шымкент және үшінші орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандықтар коммуналдық қызметтер үшін 17 миллиард теңге қарыз. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр премьер Асқар Маминнен коммуналдық қызмет бойынша берешектің өсіп бара жатқанына назар аударуды сұрады.

"Бүгінгі күні коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылардың берешегі 17 миллиард теңгені құрады. Осы жылдың өзінде дебиторлық борыш 3,4 миллиард теңгеге өсті. Өсім бес аймақта байқалады", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.

Өңірлер арасында ең көп қарыз Алматы қаласында – 4,5 миллиард теңге. Одан кейінгі орында – Шымкент, берешек – 2,5 миллиард теңге, үшінші орында 1,9 миллиард теңгемен Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Борышкер өңірлер тізіміне 1,5 миллиард теңге қарызбен Қызылорда облысы және 1,4 миллиард теңге берешегі бар Маңғыстау облысы кірді.

Министр борыштың өсуі монополистердің сапалы және уақытылы қызмет көрсетуіне әсер ететінін ескертті.

Атамқұлов жалпы жылу беру маусымына дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын және тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Жаңалықтар
0