Қоғам

6 қазаннан бастап карантин талабы күшейеді: жаңа қаулы шықты

© REUTERS / REMO CASILLIМұғалім оқушылардың дене қызуын өлшеп жатыр
Мұғалім оқушылардың дене қызуын өлшеп жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шет елден келген, анықтамасы жоқ Қазақстан азаматтары ПТР тест алу үшін екі тәулікке карантиндік стационарға орналастырылады

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан – Sputnik. 6 қазаннан бастап COVID-19-ға тексерілгені туралы анықтамасы жоқ шетелдіктерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Бұл туралы республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған.

"Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын адамдар ПТР әдісімен COVID-19-ға тестен өткені туралы анықтама болмаған жағдайда елге кіргізілмейді", - делінген қаулыда.

Анықтаманың берілген мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде 72 сағаттан асып кетпеуі тиіс.

Құжат 6 қазанда күшіне енеді.

Бұл ереже Қазақстан сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша елге  келетін шет мемлекеттердің ресми делегацияларының және халықаралық ұйымдардың мүшелеріне, Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне, жүктердің транзиттік халықаралық автокөлік тасымалын жүзеге асыратын тұлғаларға таралмайды.

Өз еліне анықтамасыз келген қазақстандықтар коронавирусқа тексеру үшін екі тәулікке карантиндік стационарға орналастырылады.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға келген, анықтамасы жоқ барлық адам тексеру үшін оқшауланатынын хабарлаған еді.

Жаңалықтар
0