Терезеге қарап тұрған ер адам

Қазақстандықтардың ашуын туғызған видеодағы ер адамға қатысты тың дерек шықты

1604
(Жаңартылды 10:25 05.10.2020)
Күдіктінің әйелі полицияға былтыр көктемде де арызданған, алайда кейін жәбірленуші күйеуін кешіріп, іс жабылған

НҰР-СҰЛТАН, 5 қазан – Sputnik. Түркістан облысында баласын ұрып-соққан ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде ер адамның кәмелетке толмаған ұлын ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео анықталды. Оқиға Қазығұрт ауданында болған. Бұл факті Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-тармағы "Азаптау" бойынша тіркелді.

Полицияның ақпаратынша, дәл сол күні күдіктінің әйелі полицияға арызданған.

"Полицейлер ер адамды көп ұзамай ұстады. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын. Ерлі-зайыптының 2011 жылдан бері некеде тұрғаны анықталды. Үш баласы бар", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, әйел 2018 жылы күйеуінің ұрып-соғатынын айтып, полицияға жүгінген, бірақ арызданудан бас тартқан. 2019 жылдың сәуірінде тағы да дене жарақатын салу фактісі бойынша полицияға шағымданды. Алайда жәбірленуші күйеуін кешіргендіктен, әкімшілік өндіріс тоқтатылды. Осылайша ер адам жауапкершіліктен құтылып кетті.

Тағы оқыңыз: Полиция Түркістан облысында болған оқиғаға қатысты ақпарат берді

Полиция департаменті қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Сараптама тағайындалды. Ер адам қамауға алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

1604
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, ер адам, видео
Сот, архив

Тоқаев судьялар үшін тағы бір талап енгізуді ұсынды

7
Соттарға экономика мен құқықтың өзекті мәселелерін жақсы түсінетін мамандарды тарту қажет, деп есептейді президент

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Дамыған елдерде бұрын азғантай теріс қылығы болған адамды судья қызметіне алмай қояды, осы тәжірибені қолға алу қажет. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Соңғы жылдары судья қызметіне кандидаттарға қойылатын талаптар күшейтілді. Іріктеу тәртібі де өзгерді. Бүгінде мықты заңгерлер, көрнекті ғалымдар және практик құқықтанушылар сот саласында тәжірибесі болмаса да, судья бола алады. Соттарға экономика мен құқықтың өзекті мәселелерін жақсы түсінетін мамандарды тарту қажет", - деді Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезінде.

Осы орайда мемлекет басшысы шет елдердің тәжірибесі негізінде судьяларға қатысты тағы бір талапты қолға алу қажет деп санайды.

"Судьяның репутациясы мінсіз болуы шарт. Ал кандидаттарды іріктеу процесі ашық әрі жариялы түрде өтуі керек. Дамыған мемлекеттердің көбісі судьяларға өте жоғары талап қояды, тіпті бұрын болған азғантай теріс қылығы үшін осы қызметті бермей қояды. Бұл тәжірибені Қазақстанда қолға алу қажет деп санаймын", - дейді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Жоғарғы сот кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Себебі осы құрылым судьяларды іріктеу шараларына жауап береді. Ал Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі академиясына біраз шаруа атқару қажет. Себебі 60 түлектің ішінде 7-уі ғана судьяның жолын таңдайды. Ал олардың дайындығына бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Тағылымдамадан өткен мамандар еңбекақының 70 процентін алып тұрады.

7
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Facebook

Президент блогерлер мен журналистерге ескерту жасады  

884
БАҚ-тың ашықтығы мен жариялылығын сотқа қысым жасау үшін пайдалануға болмайды, деді мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот шешіміне дейін судьяларға қысым жасау мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдары пен әлеуметтік желілер тарапынан судьяларға қысым жасау жағдайлары аз емес. Әдетте былай болады: тергеу әлі аяқталған жоқ, іс те сотқа жіберілмеді, ал кейбір журналистер мен блогерлер жағдайды ушықтырып, судьяның шешіміне болжам жасап жатады", - деді Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезінде.

Мемлекет басшысы осы мәселеге құқық қорғаушылар да кінәлі екенін жеткізді. Себебі олар адамның ұсталғаны туралы алдын ала хабарлап, оның қылмыскер ретінде көрсетіп қояды. Ал соттың шешімі әлі шықпаған.

"БАҚ-тың ашықтығы мен жариялылығын сотқа қысым жасау үшін пайдалануға болмайды. Сот төрелігі тек сот залында және сот процесінің соңында ғана жасалуы тиіс. Әрбір судья өз әрекеті мен шешіміне жауапты. Ал сотқа қысым жасағаны үшін заң алдында жауап беру керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Айта кетейік, бүгінгі жиында судьялар осы мәселеге қатысты өз ұсынысын жасады. Судья Татьяна Курынованың айтуынша, сотқа дейінгі тергеу кезінде барлық ақпаратты тек прокурорлар ғана беруі тиіс.

884
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев