Қоғам

Өткен тәулікте Қазақстанда қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

© REUTERS / KACPER PEMPELВрач готовит комплект для ПЦР-теста на коронавирус
Врач готовит комплект для ПЦР-теста на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі облыста – Маңғыстау мен Ақтөбе облысында жаңа жағдай анықталған жоқ. Ал індет жұқтырғандардың көпшілігі Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны 66 адамның жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды COVID-19-ға қарсы ведомствоаралық комиссия.

Бір күн бұрын COVID-19 инфекциясын 60 адамның жұқтырғаны тіркелген болатын.

Жалпы, республика бойынша 108 362 адамның аталған дертпен ауырғаны расталды. Атап айтқанда:

  • Шығыс Қазақстан облысында - 8 849 (+14),
  • Нұр-Сұлтан қаласында - 14 145 (+11),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 4 160 (+8),
  • Алматы қаласында - 14 409 (+6),
  • Атырау облысында - 11 112 (+6),
  • Павлодар облысында - 3 959 (+4),
  • Қарағанды ​​облысында - 10 317 (+3),
  • Батыс Қазақстан облысында - 6 872 (+2),
  • Қостанай облысында - 3 502 (+2),
  • Ақмола облысында - 3 506 (+2),
  • Түркістан облысында - 3 382 (+2),
  • Шымкент қаласында - 5 193 (+2),
  • Алматы облысында - 4 985 (+2),
  • Жамбыл облысында - 4 131 (+1),
  • Қызылорда облысында - 3 245 (+1),
  • Маңғыстау облысында - 3 343 (+0),
  • Ақтөбе облысында - 3 252 (+0).

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус салдарынан 1 746 адам қайтыс болды.

Ал өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 98 адам сауығып кеткені белгілі болды, оның ішінде: Маңғыстау облысында - 30, Шымкентте - 38, Жамбыл облысында - 11, Қарағанды ​​облысында - 9, Павлодар облысында - 5, Ақтөбе облысында - 3, Нұр-Сұлтан - 1 және Қызылорда облысында 1 науқас.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады

Жалпы, республика бойынша жазылып шыққандар саны 103 465 адамға жетті.

Жаңалықтар
0