Қоғам

Қазақстанға ұшақпен келген екі шетел азаматы кері қайтарылды – бас санитар себебін айтты

© Sputnik / Медиабанкке өтуСитуация в минском аэропорту в связи с коронавирусом
Ситуация в минском аэропорту в связи с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркия азаматының ПТР-тест анықтамасы 1 қазанда берілген. Ал Беларусь азаматының қолында экспресс-тест анықтамасы ғана болған

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазақстанға ұшақпен келген Түркия мен Беларусьтың екі жолаушысы өз елдеріне қайтарылды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әуежайының баспасөз қызметі.

7 қазанда астанаға SCAT, Веlavia мен Air Astana әуе компанияларының ұшақтары қонған болатын. Барлығы 521 жолаушы мен экипаждың 48 мүшесі болған. Рейстер Шарм-әл-Шейхтан (чартерлік), сондай-ақ, Минск, Дубай мен Стамбулдан келді.

"123 жолаушыда ПТР-тест жоқ болып шықты. Олардың бәрін стационарға жатқызды. Түркия мен Беларусьтың екі жолаушысы депортацияланды. Дене қызуы бар жолаушылар анықталған жоқ", - дейді әуежай қызметкерлері.

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов шетелдіктерді депортациялау мәселесіне қатысты пікір білдірді.

"7 қазанда "Минск – Нұр-Сұлтан" әуе рейсімен келген екі шетел азаматы депортацияланды. Түркия азаматының ПТР-тест анықтамасы 1 қазанда берілген. Ал Беларусь азаматының экспресс-тест анықтамасы ғана болған", - деді Байғабылов.

Оның айтуынша, стационарға жатқызылға өз азаматтарымыз алдымен ПТР-тест тапсырады. Теріс нәтиже шықса, үйге баруға рұқсат беріледі. Ал коронавирус расталған жағдайда инфекциялық стационарға жатқызып қояды.

Жаңа ереженің талаптары

6 қазанда Қазақстанға келетін жолаушылар үшін жаңа талаптар енгізілген болатын. Шетелде коронавирус жұқтыру оқиғаларының көбеюіне байланысты ұшақпен келетіндердің бәрі термометриядан өтеді. Одан кейін анкета толтырады. Ең бастысы ПТР-тест анықтамасы болуы шарт және оның мерзімі 72 сағаттан аспауы тиіс.

Оқи отырыңыз: "Қашып кетпек болды": Шетелден оралған 22 жолаушы ПТР тест тапсырудан бас тартты

Қазақстан азаматтығы жоқ адамдар анықтамасыз келсе, елге кіруге рұқсат берілмейді. Ал өз азаматтарымыз анықтамасыз болса, алдымен карантиндік стационарға жатқызылады. Сол жерде ПТР-тест тегін жасалады. Көрші елдермен шекаралас жерде өткізу бекеттері арқылы келгендерге де тура сондай талаптар қойылады.

Жаңалықтар
0