Медицина қызметкері

COVID-19-дан қайтыс болған дәрігерлер отбасына жәрдемақы беру тәртібі өзгереді

90
(Жаңартылды 14:59 07.10.2020)
Мемлекет басшысы коронавирустан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің тек 37-сінің отбасына өтемақы төленуі жол беруге болмайтын жағдай екенін айтты

АЛМАТЫ, 7 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавирустан қайтыс болған дәрігерлердің отбасына төлем жасауды тапсырды. 

Сондай-ақ, президент екінші жартыжылдықта медицина қызметкерлерін қолдау үшін бюджеттен 150 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінгенін айтты.

"Алайда үстемеақы мен сақтандыру төлемдерін беруде әлі күнге дейін бюрократиялық кедергілер туындап жатыр. Тіпті бұл мәселемен парламент айналысты. Кей жерде үстемеақыға байланысты "цифрлардың ойыны" жалғасып жатыр, бөлу барысында айқындық жоқ. Бұған жол беруге болмайды. Оның үстіне бас дәрігерлер жұмыс істеген уақыт бойынша есепті дәрігерлердің пайдасына шешпеуге тырысып отыр", - деді Тоқаев коронавирустың екінші кезеңіне дайындық жөніндегі кеңесте.

Сонымен қатар Қазақстанда коронавирус пандемиясы кезінде 182 медицина қызметкерінің қайтыс болғанын айтты.

"Қазір ол жағдайларды түрлі комиссия қарастырып жатыр, жәрдемақы тек 37 отбасыға төленді. Бұған мүлде жол беруге болмайды", - деді Тоқаев.

Өлім себептерін постфактум анықтау көптеген қиындық тудырады, оның ішінде этикалық мәселе де бар.

"Осыған байланысты үкіметке осы мәселе бойынша егжей-тегжейлі тергеу жүргізбей, қаза тапқан дәрігерлердің отбасына барлық тиісті жәрдемақыны төлеу тапсырылады. Қызметін атқару кезінде инфекция жұқтырғаны расталған жағдайлар бойынша төлем сөзсіз қысқа мерзімде жүзеге асырылуы тиіс", - деген тапсырма берді президент.

Тоқаев өңірлердің әкіміне бұл мәселені жеке бақылауда ұстауды тапсырды.

 

90
Кілт сөздер:
жәрдемақы, отбасы, дәрігерлер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1654)
Тақырып бойынша
Тоқаев шекарада бақылауды күшейтуді тапсырды 
Тоқаев құс тұмауы жайлы: жағдай өте күрделі
2023 жылға дейін дәрігерлер еңбекақысы орташа жалақыдан екі есе артық болады
"Екі апта ішінде қамтамасыз ету керек": президент үкіметке тапсырма берді
Қазақстан бұрын-соңды болмаған дағдарысты бастан өткеруде – президент
Зертхана қызметкері

Қазақстанда коронавируспен ауырғандар көбейіп жатыр

58
(Жаңартылды 09:03 25.10.2020)
Республика бойынша індетке шалдыққандар саны 110 402 адамға жетті. Оның ішінде 105 618 науқас жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН,  25 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 152 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Коронавирус жұқтырудың ең көп жағдайы Шығыс Қазақстан облысында (27) тіркелді. Содай-ақ, Алматы қаласында – 20 және Нұр-Сұлтанда – 15 науқас анықталды", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 14410 (+15)
  • Алматы қаласы - 14647 (+20)
  • Шымкент қаласы - 5225 (+3)
  • Ақмола облысы - 3620 (+12)
  • Ақтөбе облысы - 3281 (+1)
  • Алматы облысы - 5081 (+12)
  • Атырау облысы - 11254 (+5)
  • Шығыс Қазақстан облысы - 9142 (+27)
  • Жамбыл облысы - 4169 (+4)
  • Батыс Қазақстан облысы - 6961 (+8)
  • Қарағанды облысы - 10490 (+10)
  • Қостанай облысы - 3581 (+6)
  • Қызылорда облысы - 3252
  • Маңғыстау облысы - 3384 (+6)
  • Павлодар облысы - 4144 (+13)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 4355 (+9)
  • Түркістан облысы - 3406 (+1).

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша ауырғандар саны 110 402 адамға жетті. Оның ішінде 105 618 науқас жазылып шығып, 1 796 адам қайтыс болды.

58
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1654)
Тақырып бойынша
Ғалымдар COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитет қай жағдайда қалыптасатынын айтты
Ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты
Ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы ойлап тапты
COVID-19-бен байланысты қауіпті синдром байқала бастады: ғалымдар дабыл қақты
Сыртқы істер министрлігінің ғимараты

"Дүрліктіруге ниетті": министрлік атышулы фильмге қатысты түсініктеме берді

187
Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде ел азаматтары ашық нәсілшіл шабуылдарға наразы екені айтылады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Фильм авторлары арандату жолымен Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін мазақ етіп, дүрліктіруге ниетті, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

"Арандатушылық мақсатта Қазақстан халқы да, оның мемлекеттік рәміздері де мазаққа ұшыруда. Наразылық нота жолдау мағынасыз, өйткені оның адресаты жоқ. Неғұрлым дүрліктіре берсек, соғұрлым фильм авторлары пайда табады. Үлкен пайда табу авторларды фильмді жалғастыруға итермелейді. Негізінде, фильмде нәсілшілдік пен ксенофобияның айқын формасы бар. Біздің азаматтарымыз ашық нәсілшіл шабуылдарға әділ наразы", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 23 қазанда бір топ жас АҚШ Бас консулдығына жиналып, "Борат-2" фильмінің шығуына қарсы шықты. Олар фильмге тыйым салуды талап етіп, петициясын ұсынды.
Ұйымдастырушылар бұл петиция арқылы қоғамда теріс реакция тудырған фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды, олардың пікірінше, ол бүкіл мемлекеттің беделін түсіреді.

Бұған дейін Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова британдық актер және режиссер Саша Барон Коэннің атышулы "Борат-2" фильмі туралы пікір білдірген еді. 

Министрдің айтуынша, сенсациялық фильмнің Қазақстанда пайда болуы фактісін елемеуге болмайды. 

"Борат" тарихы

"Журналист" Борат Сагдеевтің Америкаға сапары туралы 2006 жылы шыққан фильм хитке айналды. Бұл фильмді шығаруға 18 миллион доллар жұмсап, оны дайындағандар 261,5 миллион доллар пайда тапты. Тіпті, "Алтын глобус" иегері атанды және "Оскарға" ұсынылды.

Ал Қазақстанда фильм қоғам тарапынан наразылық тудырды. Фильм түсірушілерге елді қорлады деген айып тағылды.

Екінші бөлімнің сюжеті бойынша, ойдан шығарылған кейіпкер, қазақстандық журналист Бораттың тағы да АҚШ-қа жолы түседі. Ол америкалықтардың әдеттегі өмір салтын гротеск тәсілімен мазақ ете келе, президенттік сайлау қарсаңындағы елдің саяси өмірін зерттейтін болады.

Оқи отырыңыз: АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Борат" фильміне қатысты пікір білдірді

Жаңа трейлер шыққаннан кейін көптеген қазақстандық фильмді теріс бағалады. Осыдан кейін әлеуметтік желіде "Бораттың" жалғасының шығуына қарсы флешмоб ұйымдастырылды. Оған әлемнің түкпір-түкпіріндегі қолданушылар қосылды, олар #СancelBorat хэштегімен фильмге қарсы шығып жатыр.

187
Кілт сөздер:
сыртқы істер министрлігі, Борат
Ли Гон Хи

Әлемге әйгілі компанияның бас директоры қайтыс болды

0
(Жаңартылды 13:15 25.10.2020)
Ол 1987 жылы өзінің әкесі мен компанияның негізін қалаушы Ли Бен Чхолдың орнына Samsung-тің екінші төрағасы атанған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Әлемге әйгілі Samsung компаниясының төрағасы Ли Гон Хи 25 қазанда 79 жасқа қараған шағында Сеул ауруханасында көз жұмды. Кәсіпкердің мұрасына Оңтүстік Корея прокуратурасы алаяқтық жасады деп күдіктенген оның ұлы Ли Чжэ Ен ие болды.

Атақты кәсіпкердің өлімі туралы Ренхап агенттігі хабарлады.

Өлімнің себебі нақтыланбаған.

Ли Гон Хи 1942 жылы дүниеге келген. Ол 1987 жылы өзінің әкесі мен компанияның негізін қалаушы Ли Бен Чхолдың орнына Samsung-тің екінші төрағасы атанған.

2014 жылы Ли Гон Хи жүрек талмасына ұшырады. Содан кейін корпорацияны бақылау іс жүзінде оның ұлы мен топтың еншілес компаниясы – Samsung Electronics-тің вице-президенті Ли Чжэ Енға өтті. Өйткені, ол компанияның мұрагері саналатын.

Оқи отырыңыз: "Тірідей өртейді": әйгілі француз актрисасы Тоқаевқа хат жазды

Алайда оңтүстіккореялық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ли Чжэ Ен концернде билікке қол жеткізу мақсатында корпорация құрамындағы компанияларды біріктіруде заңсыз алаяқтыққа барғаны туралы прокуратура тарапынан күдікке ілінген.

Айта кетейік, Ли Гон Хидің Ли Чжэ Еннан басқа Ли Бу Чжин және Ли Со Хен есімді екі қызы бар. Тағы бір қызы Ли Юн Хен 2005 жылы өзіне қол жұмсап, қайтыс болған.

0
Тақырып бойынша
Димаш Құдайберген әлемге әйгілі екі әншімен бірге өнер көрсетті - видео
Әлемге әйгілі футболшы қамауға алынды
"Әлемнің халық әртісі": Димаш Ресейдің әйгілі әншілерін гүлсіз қалдырды - видео
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Әлемге әйгілі әнші карантиннің қандай пайдасы бар екенін айтты