Полиция бекеті

Биыл біз қатаң шектеу шараларынан айналып өте аламыз Тоқаев

4375
(Жаңартылды 16:11 07.10.2020)
Мемлекет басшысы халықпен тұрақты диалог жүргізуді жалғастыру қажет деп санайды. Қауіп-қатерлер мен проблемаларды ашық айтып, оны шешу жолдарын ұсынған жөн

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына қарсы табысты күрестің басты талабын атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.  

"Халықпен қарым-қатынас жасау мен кері байланыс орнатудың маңызы зор. Пандемияға қарсы күрестің табысты болуы халықтың қолға алынып жатқан шаралар мен шешімдерге деген сенім дәрежесіне тікелей байланысты екенін тәжірибе көрсетті. Ал сенім халық биліктің әрекетін түсініп, іске атсалысқан жағдайда пайда болады", - деді Тоқаев коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық мәселелеріне арналған кеңесте.

Мемлекет басшысы: елдегі жағдай тұрақталғанымен, босаңсуға болмайды

Осы орайда мемлекет басшысы халықпен тұрақты диалог жүргізуді жалғастыру қажет деп санайды. Қауіп-қатерлер мен проблемаларды ашық айтып, оны шешу жолдарын ұсынған жөн.

"Алдағы жағдай санитарлық және профилактикалық шаралардың қаншалықты орындалғанына байланысты болады. Бизнес пен халық осыны түсінуі керек. Реалистік және оптимистік сценарийлер бойынша биыл біз қатаң шектеу шараларынан айналып өте аламыз, солай істеуге міндеттіміз. Пандемиямен бірлесіп күресу керек", - деп атап өтті Тоқаев.

Мемлекет басшысы әлемдегі жағдай күрделі екенін де еске салды. Тіпті, кейбір аймақтарда эпидемиологиялық ахуал ушыға түскен.

"Бұл жағдай, әрине, бізді де алаңдатады. Барлығымыз ел ішінде және айналамызда тұрақтылық болғанын қалаймыз. Сондықтан әлемде болып жатқан оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Елдің береке-бірлігі мен амандығы бәрінен қымбат. Әсіресе, бұл қазіргідей кезеңде өте маңызды", - деп түйіндеді Тоқаев.

4375
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, карантин, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1664)
Тақырып бойынша
COVID-19-дан қайтыс болған дәрігерлер отбасына жәрдемақы беру тәртібі өзгереді
"Қашып кетпек болды": Шетелден оралған 22 жолаушы ПТР тест тапсырудан бас тартты
Қостанай облысында карантин күшейтілді
Қазақстан бұрын-соңды болмаған дағдарысты бастан өткеруде – президент
Тоқаев ана өлімінің көбеюіне қатысты тексеріс жүргізуді тапсырды
Компьютелік томография

Қазақстанда өткен тәулікте 142 адамда коронавирус расталды

14
(Жаңартылды 08:30 27.10.2020)
Бір тәулік ішінде тек екі өңірде COVID-19-ға шалдыққандар тіркелген жоқ. Шығыс Қазақстан облысында вирус жұқтырғандар саны көп

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 142 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Бір тәулік ішінде тек екі өңірде COVID-19-ға шалдыққандар тіркелген жоқ. Шығыс Қазақстан облысында вирус жұқтырғандар саны көп, 30 адам. Нұр-Сұлтанда - 20 адам, Павлодар облысында 14 науқас тіркелді.

Түркістан және Қызылорда облыстарында өткен тәулікте COVID-19 анықталған жоқ.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 20
  • Алматы қаласы - 10
  • Шымкент қаласы - 1
  • Ақмола облысы - 12
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 5
  • Атырау облысы - 5
  • Шығыс Қазақстан облысы - 30
  • Жамбыл облысы - 3
  • Батыс Қазақстан облысы - 9
  • Қарағанды облысы - 10
  • Қостанай облысы - 7
  • Маңғыстау облысы - 3
  • Павлодар облысы - 14
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 11.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 110 684.

Еске сала кетсек, қарашадан бастап Қазақстанның мешіттерінде күн сайынғы бес уақыт намазды оқуға рұқсат етілді. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс. Жұма намазына әлі рұқсат берілген жоқ.

Сондай-ақ, екінші тоқсаннан бастап бала саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептерінің оқушылары сабаққа барады.

14
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1664)
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты
Алматының орталық мешіті

Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады

109
Қазақстанның мешіттерінде күн сайынғы бес уақыт намазды оқуға рұқсат етілді. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.

Отырыста мешіттер мен театрларға қатысты жаңа ереже бекітілді.

Сонымен, 2 қарашадан бастап күн сайынғы бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат етіледі. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс. Сонымен қатар, 2 метр әлеуметтік арақашықтық, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады. Келушілердің барлығы маска тағуы керек, олардың дене қызуы өлшенеді.

Жұма намазын оқуға әзірге рұқсат етілген жоқ.

Оқи отырыңыз: Екінші тоқсаннан бастап қандай мектептер дәстүрлі форматқа көшеді?

Сондай-ақ театрлардың жұмысы да талқыланды. Залды 30%-ке дейін толтыруға болады, бірақ 100 адамнан асып кетпеуі керек.  Мұнда да әлеуметтік арақашықтық, маска режимі сақталады.    

109
Кілт сөздер:
мешіттер, намаз, жұма намаз
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді
Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады
Төбелес, архивтегі сурет

Қарағандыда жаппай төбелес болғаны хабарланды

3
(Жаңартылды 08:58 27.10.2020)
Ер адамдар пабта отырған, мекеме жабылар алдында жанжал туындап соңы жаппай төбелеске дейін жетті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан — Sputnik. Қарағандыда болған жаппай төбелес салдарынан үш ер адам жарақат алды, пышақ тиген. Біреуі ауруханада жатыр.

Олар қаладағы барлардың бірінде отырған. Бірге бармағаны хабарланып отыр. Паб жабылған соң далада жанжал туындаған, деп хабарлайды Astana телеарнасы.

Оқиға орнына жеткен полицейлер төбелесті тоқтатты. Қарағанды облысы полиия департаментінің ақпаратына сәйкес, жанжалға не себеп болғаны анықталып жатыр.

"Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы барларды ұстап, полиция бөліміне жеткізді. Үшеуі жарақат алып, ауруханаға түсті. Біреуі ауруханада жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Жанатай Сембеков.

Ауруханада жатқан ер адамның бауырына пышақ тиген. Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.

Қару қолданумен болған "бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

3
Кілт сөздер:
жаппай төбелес, Қарағанды