Қоғам

Илья Ильин "Халық алғысы" медалімен марапатталды

© Sputnik / Владислав ВодневSputnik студиясында Илья Ильиннің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты
Sputnik студиясында Илья Ильиннің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Халық алғысы" медалі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен пандемиямен күресте ерекше көзге түскен азаматтарға берілді

АЛМАТЫ, 8 қазан – Sputnik. Танымал қазақстандық спортшы Илья Ильинге "Халық алғысы" медалі табысталды. Бұл туралы спортшы Instagram желісінде хабарлады.

"Мен спортшы ретінде жеткен жеңістерім үшін бүкіл халықтың құрметі мен ризашылығын сезінемін, сондықтан бұл медальді үлкен құрметпен қабылдадым", - деп жазды спортшы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Илья Ильинге медальді Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахметов табыстады.

"Серік Әбжәлиұлына құрметімді білдіргім келеді. Медаль карантин кезіндегі белсенді волонтерлік қызмет үшін берілді. "Халық алғысы" медалін алған барлық азаматты құттықтаймын. Игі істерді көбірек жасайық!", - деді Ильин.

Тағы оқыңыз: Ауруханаға түсіп қалған Илья Ильин видео жариялады

Ол, сондай-ақ, жаңа бағыттарда табысты болып, ел мен әлем үшін игі істер жасағысы келетінін айтты. Қазір спортшы бес жобамен жұмыс істеп жатыр. Жобаны сапалы түрде іске асыру бағытында жұмыс істеп жатырмын, содан кейін жаңа мақсаттар қойылады, деді спортшы.

Жаңалықтар
0