Учения Айбалта 2019

Әскерилер алдында сөз сөйлейді: Тоқаев Алматы облысына барды

195
Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларын көру үшін Алматы облысына келді.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.

Президент — Қазақстан Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды.

Сондай-ақ, Тоқаев әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлейді деп жоспарланған.

195
Кілт сөздер:
әскерилер, Алматы облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Депутаттың жұмыс істелі

Қазақстан үкіметі келесі жылы 19 заң жобасын әзірлейді

310
Министр парламентке 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында – бес, ал екенші жартыжылдығында – он төрт заң жобасы енгізілетінін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Қазақстан үкіметі 2021 жылы 19 заң жобасын әзірлейді. Оның ішінде биологиялық қауіпсіздік туралы заң жобасы бар. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әділет министрлігі үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2021 жылға арналған жоспар жобасын әзірледі. Бұл жоба президент пен мемлекеттің стратегиялық құжаттарында айқындалған міндеттер негізінде дайындалған.

"Жоспар жобасы 19 заң жобасын әзірлеуді көздейді. Олар сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеуге, биржалық сауда, көлік, жер қатынастары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық қорғау қызметі, геодезия, картография және кеңістіктік деректер, волонтерлер қызметі және қайырымдылық, инновациялық және ғылыми-техникалық даму, биологиялық қауіпсіздік және басқада салаларды одан әрі дамытуға бағытталған", – деді Бекетаев үкімет отырысында.

Айтуынша, алдағы жылы үш жаңа заң жобасын әзірлеу көзделіп отыр. Олар "Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы", "Әскери полиция органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы" заң жобалары.

Бұдан бөлек, президенттің жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарынан туындайтын екі заң жобасы парламентке енгізіледі. Олар биржалық сауданы дамыту мәселелері туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері туралы заң жобалары.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар митинг өткізу үшін не істеуі керек – заң жобасы мақұлданды

Министр жоспарда көзделген 19 заң жобаның ішінен парламентке 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында – бес, ал екенші жартыжылдығында – он төрт заң жобасы енгізілетінін айтты.

"Құқықтық актілер туралы" заңға сәйкес жоспар жобасы мемлекет басшысымен келісілуі тиіс. Жоспар жобасы президент әкімшілігіне енгізіледі.

310
Кілт сөздер:
Үкімет, заң
Тақырып бойынша
Діни қызмет туралы заң жобасы: Хиджабқа тыйым салына ма?
Баласына екпе салдырмаған ата-аналар жазаланады - заң жобасы әзірленіп жатыр
Қылмыстық жауапкершілік енгізіледі - жұмылдыру дайындығы туралы заң жобасы қабылданды
Фонограммаға қатысты заң жобасы сенатқа жіберілді
Жолдау 2020: прокурорларға жаңа міндет жүктейтін заң жобасы әзірленіп жатыр
Су, архивтегі сурет

2025 жылға қарай халық толықтай ауыз сумен қамтылады Мамин 

246
(Жаңартылды 10:05 27.10.2020)
Премьер әр әкімдіктің елді мекендерге, әсіресе, тұрғындары аз ауылдарға тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болу керектігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 100 проценті ауыз суға қол жеткізеді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Үкімет басшысының айтуынша, елде орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда 97,2%, ауылдарда 86,4%-ті құрайды. 

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай халықтың 100%-і сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етіледі. Осының арқасында біз халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесін толығымен шешеміз", - деді Мамин үкімет отырысында. 

Ол әр әкімдіктің елді мекендерге, әсіресе, тұрғындары аз ауылдарға тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болу керектігін атап өтті. 

"Осы мәселедегі маңызды фактор топтық су құбырларының инфрақұрылымын жасау және ауылдардың шекарасына дейін жеткізу керек. Бұл жұмыс желілерді елді мекендердің ішінде тартумен үйлесімді жүруі қажет. Жауапты министрліктер мен әкімдіктер, бірінші кезекте, артта қалған өңірлер осы мәселені ерекше бақылауда ұстасын", - деді премьер. 

Тағы бір маңызды міндет, айтуынша, кәріздік тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту. Мамин бұл мәселені шешу үшін қаржыландыру көздері анықталып, жобалау құжаттамасы әзірленіп жатқанын айтты. Ол осы жұмыстарды жылдам аяқтап, жобаларды іске асыруға кірісуді тапсырды. 

Сонымен қатар, премьер-министр 2021 жылдың соңына дейін 197 мың тұрғыны бар 38 елді мекенге су жүргізуді көздейтін, ұзаққа созылған үш жобаның құрылысын аяқтау керектігін мәлімдеді. 

Бұдан бөлек, құзырлы органдарға халық үшін тарифтердің өсуіне жол бермеу үшін кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру тетігін заң жүзінде бекітуді тапсырды.

246
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, ауыз су
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар кредитін кешіру ұсынылды – үкімет жауабы
Қазақстанның сыртқы қарызы қанша – депутат сұрағына үкімет мүшелері жауап берді
Коронавирустың екінші толқыны: Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
Мамин үкімет қандай мәселеге байланысты шара қабылдайтынын айтты
Асқар Маминнің өмірбаяны
Ақша, теңге

Тұрақты жұмыс орнын ашатын кәсіпкерлерге кредит беріледі

8
(Жаңартылды 11:20 27.10.2020)
Министрлік Жол картасы аясында жұмыспен қамтудың уақыты аз жөндеу жұмысын көздейтін және республикалық меншік объектілерін, капиталды көп қажетсінетін жобаларды қарамауды ұсынып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Қазақстанда Жұмыспен қамту жол картасын 2021 жылы жалғастыру бойынша дайындық жұмыстары басталды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз ету үшін жол картасына бірқатар талап енгізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, Жұмыспен қамту жол картасын тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттап, оның тәсілдерін жетілдіру үшін бірқатар талап енгізіледі. 

"Қаржыландыру лимиттерін аймақтар бойынша жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санына сәйкес анықтау, сондай-ақ, тұрақты жұмыс орындарын құратын жаңа нысандарды салуға және кәсіпкерлікті несиелеуге белгілеу", - деді Нұрымбетов үкімет отырысында. 

Тағы бір талап – іске асырылатын жобалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында орталық деңгейде жобаларды іріктеу бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерімен және парламент депутаттарының қатысуымен жұмыс тобын құру. 

Сондай-ақ, министрлік Жол картасы аясында жұмыспен қамтудың уақыты аз жөндеу жұмыстарын көздейтін жобаларды және республикалық меншік объектілерін, капиталды көп қажетсінетін жобаларды қарамауды ұсынып отыр. 

Нұрымбетов жұмыспен қамту саласындағы бірлесе атқарып жатқан жұмыстар жұмыссыздықтың әлеуметтік қолайлы деңгейін сақтауға және халық табысының төмендемеуіне оң әсерін тигізеді деп сенеді.

8
Кілт сөздер:
жұмыс, кредит, кәсіпкер
Тақырып бойынша
Қазақстанда шағын кредит беру тәртібі өзгерді
Қазақстандықтар кредитін кешіру ұсынылды – үкімет жауабы
Кредит төлеу кешіккенде борышкер не істеу керек – заңгерлер пікірі
Ауылда әр отбасының мойнында 900 мың теңге кредит бар – ҰКП төрағасы
Парламентте қазақстандықтардың кредитін кешіру мәселесі көтерілді