Қоғам

COVID-19-ға шалдыққандар өзінің жақын жерде екенін жасырын хабарлай алады

© AFP 2024 / MARVIN RECINOSМолодые люди в защитных масках и очках выстроились перед входом в здание
Молодые люди в защитных масках и очках выстроились перед входом в здание - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Saqbol қосымшасын дайындаған мамандар сол арқылы коронавирус жұқтыру қаупі төмендейтінін айтты. Ол жерде қазақстандықтардың жеке деректері жасырын сақталады

АЛМАТЫ, 8 қазан – Sputnik. Қазақстанда коронавируспен ауыратын науқасқа өзінің жақын жерде екенін басқа адамдарға хабарлауға мүмкіндік беретін Saqbol қосымшасы жасалды. Ол инфекцияны жұқтыру қаупін азайтады деген болжам айтылып отыр.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, бұл инфекцияның таралуын бақылау және жұқтыру ошақтарын дер кезінде оқшаулау мақсатында жасалды. Қосымшаны жасап шығаруға денсаулық сақтау министрлігі де қатысқан.

Қосымша хабарлама функциясын іске қосу арқылы жұмыс істейді. COVID-19 тесті оң нәтиже көрсеткен тұрғын соңғы 14 тәулікте екі метрден аз қашықтықта және 15 минуттан астам уақыт ішінде өзімен байланыста болған өзге қолданушыларды жасырын түрде ескертуге мүмкіндік береді, деп хабарлады цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Saqbol қосымшасын қолдану үшін смартфонға жүктеп, одан кейін шифрланған деректер берілетін Bluetooth функциясын қосу керек. Қосымша IOS және Android-та қолжетімді.

"Барлық қазақстандықты осы қосымшаны белсенді түрде пайдалануға, мұқият және жауапты болуға шақырамын. Осылайша, індет ошақтарын барынша оқшаулап, Covid-19-дың таралуына жол бермейміз. Біз халық алдындағы жауапкершілікті түсінеміз және барлық жеке деректерді қосымшада барынша шифрланған етіп жасадық. Бұл қосымша пайдаланушылардың басым түрде жасырын болуын қамтамасыз етеді", - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, қосымшаның жұмысы сол бағдарлама орнатылған басқа құрылғылармен байланыста болған адамдарды жасырын түрде іздеуге бағытталған.

"Оны пайдалану үшін тіркеуден өтудің қажеті жоқ. Бағдарлама жеке деректерді немесе орналасқан жер туралы деректерді жинамайды және жібермейді. Хабарландыруды іске қосқан кезде, бағдарлама автоматты және жасырын түрде бұл туралы басқа пайдаланушыларға хабарлайды. Осылайша, осы қосымша азаматтардың сақтығын арттыруға көмектеседі", - деп толықтырды Алексей Цой.

Хабарламаны алған пайдаланушылар қосымшада денсаулық сақтау министрлігінің бұдан әрі іс-қимылдары туралы ұсынымдарымен таныса алады.

Сонымен қатар пайдаланушыларға ыңғайлы болу мақсатында қосымшаға COVID-19, i-Doctor, i-Teka ресми боттары, сондай-ақ Қазақстан бойынша COVID-19 өзекті статистикасы сияқты сервистер біріктірілген.

 

Жаңалықтар
0