Тоқаев Қазақтелеком АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады

Тоқаев "Қазақтелекомның" жұмысына оң баға берді

37
Мемлекет басшысы "Қазақтелеком" басқарма төрағасына өзге байланыс операторларымен бірлесіп жұмыс істеу бағыттарын дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

"Қазақтелеком" басшысы ауылдық елді мекендердегі талшықты-оптикалық желі байланысының құрылысына қатысты ірі жобаның жүзеге асырылуы жайында баяндады. Бұл жоба жыл соңына дейін толық аяқталуға тиіс.  

Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлеңкелі айналымды азайту мақсатында тауарларды таңбалауды енгізу барысы туралы мәлімет берілді. Бұл жобаға "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы операторлық етеді. 

Мемлекет басшысы компания жұмысының нәтижелеріне оң баға берді. Сонымен қатар халыққа және бизнеске жаңа цифрлық қызметтерді ұсыну, интернет пен ұялы байланыстың қолжетімділігін кеңейту және сапасын арттыру, сондай-ақ, өзге байланыс операторларымен бірлесіп жұмыс істеу бағыттарын дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді. 

37
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, интернет
Тақырып бойынша
"Халық қытай радиосын тыңдауға мәжбүр": депутат 29 жылда шешілмеген мәселені көтерді
Жыл соңына дейін 5 мыңнан аса елді мекен интернетке қосылады
Сенат депутаты үкіметке ауыл ата-аналарының өтінішін жеткізді
Орталық сайлау комиссия орналасқан ғимарат

Мәжіліс сайлауы қалай өтеді орталық комиссия тәртібін жариялады

59
(Жаңартылды 14:59 21.10.2020)
Сайлаудың жарнасы 679 500 теңгені құрайды. Оны партиялық тізімге енген әрбір адам үшін төлеу керек

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу шараларын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жоспарға сәйкес, кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталып, 30 қараша күні кешкі сағат 18:00-де аяқталады. Үміткерлерге қойылатын талаптар конституциялық заңда көрсетілген. Олар:

  • Қазақстан азаматтығы;
  • Қазақстан аумағында соңғы 10 жыл тұру;
  • 25 жасқа толу;
  • бәсең сайлау құқығының болуы.

Оқи отырыңыз: Сарапшылар ауыл әкімін сайлау кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін екенін айтты

Ал партиялық тізімдерді тіркеу шаралары 10 қарашада басталып, 10 желтоқсан күні кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Құжаттардың тізбесі де заңмен бекітілген. Олар:

1. Әділет министрлігінде саяси партияның тіркелгені туралы құжаттың көшірмесімен қоса, саяси партияның жоғары органы бекіткен партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;

2. Азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;

3. Партиялық тізімге енген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;

4. Кандидат пен оның зайыбының кірістері мен мүлкі туралы декларациялардың тапсырылғаны туралы кіріс органының анықтамасы;

5. Саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;

6. Партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партияға мүшелігін растайтын құжат;

Сайлаудың жарнасы 679 500 теңгені құрайды. Оны партиялық тізімге енген әрбір адам үшін төлеу керек. Ал бұған дейінгі сайлауда 7 проценттік межеден асқан партиялар – Nur Otan, Ақ жол мен Қазақстан коммунистері партиясы жарна төлемейді.

ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталғанда сайлауалды үгіт-насихат басталады.

"Осылайша, 10 желтоқсан күні кешкі сағат 18:01-де сайлауалды үгіт-насихат басталады да, 2021 жылы 9 қаңтарда түнгі сағат 00:00-де аяқталады. Сол күн тыныштық күні болады. Ал 10 қаңтарда дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Дауыстарды 12 сағаттың ішінде санап шығу қажет", – деді Петров.

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталғаннан кейін жеті күннің ішінде сайлаудың нәтижесін жариялайды.

59
Кілт сөздер:
депутаттар, сайлау
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
"Қорықпау керек": мәжіліс сайлау туралы заңға өзгерістер енгізді
Қазақстанда сайлау туралы заңды өзгертуге қатысты референдум өткізу ұсынылды
Сенат сайлау және саяси партиялар туралы заңдарды қабылдады
Орталық сайлау комиссиясы сенаттың жаңа депутаттарын тіркеді
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасына тапсырма берді
Кресло ұстап тұрған ер адам, иллюстративті фото

Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады

416
Жаңа лауазымға тағайындалған үш шенеуніктің екеуі қайта құрылымдаудан өткен ведомствода қызмет еткен

АЛМАТЫ, 21 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа агенттік басшысының орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

"Президент өкімімен Рустам Ахметов бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал Марат Омаров пен Болат Сәмбетов Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқаратын болады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Болат Сәмбетов бұған дейін ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы қызметін атқарған.

Рустам Ахметов кім?

Рустам Нұрланұлы Ахметов 1978 жылы Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. Еңбек жолын мемлекеттік кірістер министрлігінің кінәрат-қуыным жұмысы бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2001 жылы Қазақстан Республикасы президент әкімшілігіндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімнің аға референті қызметіне қабылданды.

Әр жылдары президент әкімшілігіндегі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің кеңесшісі, заңнама және құқықтық сараптама бөлімінің бас сарапшысы, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2011 жылы табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

2014 жылдың тамыз айы мен 2017 жылдың сәуір айы аралығында ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасары болды.

2017 жылы ұлттық экономика министрлігінің табиғи ресурстарды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

2019 жылы ұлттық экономика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы болды.

Марат Омаров жайлы не білеміз

Марат Талғатұлы Омаров 1988 жылы дүниеге келген. Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Лондон қаласында "Digiet Limited" IT компаниясында бизнес-сарапшы болып бастаған.

2010-2012 жылдары "Digiet Limited" IT компаниясының коммерциялық директоры болды.

2012-2014 жылдары экономикалық даму және сауда, экономика және бюджеттік жоспарлау, ұлттық экономика министрінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2014-2016 жылдары ұлттық экономика министрлігі тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары болды.

2016-2017 жылдары "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры болған.

2017 жылы технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік басшысы болып тағайындалды.

2019 жылы "Бәйтерек" холдингінің басқарушы директоры – басқарма мүшесі болды.

Жаңа агенттік туралы

Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында бәсекелестікті қорғау мен дамыту бойынша мықты және тәуелсіз орган қажет екенін мәлімдеді. Ол президентке тікелей есеп беретін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін құруды тапсырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымын бекітті

Жаңа ведомствоны бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министрі) болып қызмет еткен Серік Жұманғарин басқарады.

416
Кілт сөздер:
Ақорда, шенеуніктер, лауазым
Тақырып бойынша
Қазақстанда екі облыс әкімінің орынбасарлары тағайындалды
Григорий Марченко жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстанның төтенше жағдайлар вице-министрлері тағайындалды
Қазақстанның бұрынғы бас санитар дәрігері жаңа қызметке тағайындалды
Қорғаныс министрінің екі орынбасары тағайындалды
Выборы, голосование, иллюстративное фото

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өтеді ОСК себебін айтты 

0
(Жаңартылды 17:14 21.10.2020)
Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қазіргі жағдайда екі саяси шараны бір уақытта өткізудің арқасында бюджет қаржысын үнемдеуге болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Қазақстанда мәжіліс пен маслихаттар сайлауы бір күнде өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Заң бойынша мәслихат депутаттарын президент пен сенат депутаттарымен бір уақытта сайлауға болмайды. Осы жолы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын 2021 жылы 10 қаңтарда өткізу ұсынылды. Ал мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауын бірге өткізу заңға қайшы емес", - деді Петров комиссияның бүгінгі отырысында. 

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда осы екі саяси шараны бір уақытта өткізудің арқасында бюджет қаржысын да үнемдеуге болады. Оған қоса, мәжіліс мен мәслихат депутаттарын сайлау жүйесі партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі жағынан ұқсас, үгіт-насихатты бір уақытта бастауға да мүмкіндік береді. 

Сайлау тәртібі 

Айта кетейік, бүгін мәжіліс сайлауының тәртібі жарияланған болатын. Оған сәйкес, кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталып, 30 қараша күні кешкі сағат 18:00-де аяқталады. Үміткерлерге қойылатын талаптар конституциялық заңда көрсетілген. Олар:

  • Қазақстан азаматтығы;
  • Қазақстан аумағында соңғы 10 жыл тұру;
  • 25 жасқа толу;
  • бәсең сайлау құқығының болуы.

Сайлаудың жарнасы 679 500 теңгені құрайды. Оны партиялық тізімге енген әрбір адам үшін төлеу керек. Ал бұған дейінгі сайлауда 7 проценттік межеден асқан партиялар – Nur Otan, Ақ жол мен Қазақстан коммунистері партиясы жарна төлемейді.

10 желтоқсан күні кешкі сағат 18:01-де сайлауалды үгіт-насихат басталады да, 2021 жылы 9 қаңтарда түнгі сағат 00:00-де аяқталады. Сол күн тыныштық күні болады. Ал 10 қаңтарда дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Дауыстарды 12 сағаттың ішінде санап шығу қажет. 

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталғаннан кейін жеті күннің ішінде сайлаудың нәтижесін жариялайды.

0
Кілт сөздер:
сайлау, мәслихат, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Мәжіліс депутаты қайтыс болды
Мәжіліс пен мәслихат сайлауына жұмсалатын қаржы көлемі жарияланды 
Мәжіліс сайлауы қалай өтеді – орталық комиссия тәртібін жариялады
Мәжіліс сайлауының тарихы
"Өте маңызды қадам": Нығматулин алдағы мәжіліс сайлауы туралы айтты