Зертхана, архивтегі фото

Өткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

88
(Жаңартылды 10:05 11.10.2020)
10 қазанда Алматы, Қызылорда, Түркістан облыстарында коронавирус инфекциясын жұқтырған бірде-бір адам анықталмады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 94 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 15,
  • Алматы қаласы – 9,
  • Шымкент қаласы – 4,
  • Ақмола облысы – 4,
  • Ақтөбе облысы – 3,
  • Атырау облысы – 5,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 17,
  • Жамбыл облысы – 4,
  • Батыс Қазақстан облысы – 2,
  • Қарағанды облысы – 4,
  • Қостанай облысы – 4,
  • Маңғыстау облысы – 2,
  • Павлодар облысы – 8,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 13.

Республика бойынша ауырғандардың жалпы саны – 108 757.

Өткен тәулікте Қазақстанда 70 адам коронавирус инфекциясынан айыққан. Пандемия басталғалы бері жазылып шыққандардың жалпы саны 103 980 адамға жетті.

88
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1643)
Тақырып бойынша
Қатаң карантин енгізілсе, халық әлеуметтік төлем ала ма?  
Қоғамдық көлікте инфекция жұқтырмау үшін не істеу керек
Карантин кезінде Қазақстан шекарасын кімдер кесіп өте алады
Қазақстанда қалалардың бірі қатаң карантинге жабылды
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Солтүстік Қазақстанда тағы бір аудан орталығы карантинге жабылды
Зертхана қызметкері

Өткен тәулікте Қазақстанда 141 адам коронавируспен ауырды

14
(Жаңартылды 08:10 22.10.2020)
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус індетіне ұшыраған адамдардың саны 109 907 науқасқа жетті

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 141 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Коронаврус індетін жұқтырғандардың ең көбі Шығыс Қазақстан (21) облысында анықталды. Одан кейін Қарағанды облысы (16) мен Нұр-Сұлтан (15) қаласында тіркелді", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 15
  • Алматы қаласы - 11
  • Шымкент қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 9
  • Ақтөбе облысы - 5
  • Алматы облысы - 11
  • Атырау облысы - 12
  • Шығыс Қазақстан облысы - 21
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 6
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 5
  • Қызылорда облысы - 1
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 12
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 9
  • Түркістан облысы – 1.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған адамдардың саны 109 907 науқасқа жетті.

14
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1643)
Тақырып бойынша
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
COVID-19: Ғалымдар антидене ағзада бір ай ғана болатынын анықтады
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
Ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтайтын құрал ойлап тапты
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты
Қазақстан туы

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын нақты істермен қарсы алуымыз керек Тоқаев

1100
(Жаңартылды 21:22 21.10.2020)
Президент тәуелсіздігіміздің отызыншы жылына қуатты, өнімді еңбекпен жету керек екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан — Sputnik. Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысында  президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіздіктің 30 жылдығы қалай атап өтілетінін айтты.

"Келесі жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл айтулы датаны мерекелік іс-шаралармен емес, нақты істермен қарсы алуымыз керек. Тәуелсіздігіміздің 30-жылына қуатты, өнімді еңбекпен жеткен абзал", - деді мемлекет басшысы.

Президенттік айтуынша, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді реформалар жүзеге асырылуы керек.

Ұзақ ойлануға уақыт жоқ, жоғары кеңес жұмыс топтарының алдында мемлекеттік маңызды міндеттер тұр, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев провел первое заседание Высшего cовета по реформам
© Photo : сайт Акорды
Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы

Айта кетсек, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғары Кеңесі "Мемлекеттің тәуелсіздігі және егемендігі туралы" заң қабылдады. Бұл күн - Тәуелсіздік күні, басты мемлекеттік мереке.

1100
Кілт сөздер:
мерейтой, тәуелсіздік, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Назарбаев Тоқаев неге президент болғанын айтып берді
Жоғары кеңестің алғашқы отырысы: Тоқаев алты бағытты айқындады
Әлеуметтік саланы қайта жаңғыртуға арнайы топ жұмылдырылады
"Біліп отырмыз": Моңғолиядағы қазақтар Тоқаевқа хат жолдады
Алматының әкімі Тоқаевқа қандай ұсыныс жасағанын айтты