Полицей, архивтегі фото

Санитарлық талаптарды сақтамаған қазақстандықтарға 895 миллион теңге айыппұл салынды

725
Бұл шілде айынан бастап салынған айыппұл. Алматы, Түркістан және Қостанай облыстарының тұрғындары жиі жазаланған

АЛМАТЫ, 11 қазан – Sputnik. 5 шілдеден бастап құқық қорғау органдары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған адамдарға 895 миллион теңгеге 16 мыңға жуық әкімшілік хаттама толтырды.

"Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық  кодексінің 425-бабы 1-тармағы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 5 шілдеден бастап 894,8 миллион теңге (екі миллион доллардан астам) сомасына 15 817 хаттама жасалды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.  

Сонымен қатар, жеке тұлғалар 307,4 миллион теңге айыппұл төледі. Құқық бұзушылықтың саны жағынан көшбасшы өңірлер: Алматы (3837 хаттама), Түркістан облысы (2974 хаттама) және Қостанай облысы (1323 хаттама).

Денсаулық министрі: Қазақстанда карантин қатаңдатылуы мүмкін 

Бұған дейін өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 94 науқас тіркелгені хабарланған болатын. Өңірлік көшбасшылар – Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Бес адам қайтыс болды. Республикада ауырғандардың жалпы саны 108 757 адамға жетті.

725
Кілт сөздер:
айыппұл
Тақырып бойынша
Карантинде той жасаған тұрғындар жауапқа тартылды
Жүздеген адам білім министрімен фотоға түскен – санитарлар айыппұл салды
Алматы тұрғындарына бір аптада 16 миллион теңге айыппұл салынды
Алматыда қызметкерлердің бір бөлігін қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылды
Полиция кеме үстінде кеш ұйымдастырған астаналықтарды іздестіріп жатыр
Алматының орталық мешіті

Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады

84
Қазақстанның мешіттерінде күн сайынғы бес уақыт намазды оқуға рұқсат етілді. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.

Отырыста мешіттер мен театрларға қатысты жаңа ереже бекітілді.

Сонымен, 2 қарашадан бастап күн сайынғы бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат етіледі. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс. Сонымен қатар, 2 метр әлеуметтік арақашықтық, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады. Келушілердің барлығы маска тағуы керек, олардың дене қызуы өлшенеді.

Жұма намазын оқуға әзірге рұқсат етілген жоқ.

Оқи отырыңыз: Екінші тоқсаннан бастап қандай мектептер дәстүрлі форматқа көшеді?

Сондай-ақ театрлардың жұмысы да талқыланды. Залды 30%-ке дейін толтыруға болады, бірақ 100 адамнан асып кетпеуі керек.  Мұнда да әлеуметтік арақашықтық, маска режимі сақталады.    

84
Кілт сөздер:
мешіттер, намаз, жұма намаз
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді
Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады
Архивтегі фото

Екінші тоқсаннан бастап қандай мектептер дәстүрлі форматқа көшеді?

4099
(Жаңартылды 20:22 26.10.2020)
Екінші тоқсаннан бастап бала саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептерінің оқушылары сабаққа барады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мектептерге қатысты шешім қабылдады. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептерінің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіру тапсырылды.  

Сондай-ақ ата-аналардың өтініші бойынша 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді.

"Санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік арақашықтықты міндетті түрде сақтау қажет", - делінген хабарламада.

Өңірлердің әкімдері мектептер мен медицина ұйымдарында санитарлық режимді сақтау жөніндегі жұмысты жеке бақылауға алады.

Еске сала кетейік, қазақстандық оқушылар бірінші тоқсанды қашықтан оқып жатыр. Бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарға бара алады (ата-ананың қалауы бойынша). Сондай-ақ, шалғай ауылдардағы шағын жинақты мектептер дәстүрлі форматта жұмыс істеуде.  

4099
Кілт сөздер:
оқушылар, мектеп
Тақырып бойынша
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді
Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті – Бекшин
Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Қашықтан оқу

Ақтөбе облыстық білім басқармасының былығы ашылды

0
Ақтөбе облысының білім басқармасы 5 000 ноутбуктың әрбіреуін 250 000 теңгеге сатып алған. Алайда ол кезде оның нарықтық бағасы 149 000 теңге болған  

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Ақтөбе облыстық білім басқармасының жұмысын тексерген арнайы бақылау тобы оқушыларға арналған ноутбуктерді жоғары бағамен сатып алу фактісін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, осыдан екі жыл бұрын облыстық білім басқармасы мен жекеменшік компания арасында компьютерлік техниканың 5 000 данасын жеткізу туралы келісімшарт рәсімделген. Сол кезде әрбір компьютердің бағасы 149 мың теңге болған.

"Алайда білім басқармасы әрбір компьютерді  250 мың теңгеден қабылдапты. Барлық лот бойынша келісімшарттардың жалпы сомасы 1 миллиард 250 миллион теңгеден асып кеткен. Компьютерлердің конфигурациясы әлсіз болған. Оған қоса, сервистік қызмет көрсетілмеген. Ал пандемия кезінде ондай қызметтің болғаны маңызды", - дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: Шымкентте білім саласындағы бірқатар басшы істі болды 

Сонымен қатар, техникалық сипаттама бойынша барлық компьютерде үш жылдық сервистік қызмет көрсетуге кепілдік болған. Соған қарамастан, білім басқармасы қажет болған жағдайда техникаға қызмет көрсету үшін тағы бюджеттен ақша бөлген.   

0
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, білім күні
Тақырып бойынша
Әжетханаға камера орнатқан: Павлодар білім басқармасының басшысы өз әрекетін түсіндірді
Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады