Иллюстративті фото

Туған-туысты жұмысқа алуға болмайды жаңа заңның негізгі талаптары

1570
Енді мемлекеттік қызметшілер 5,5 мың теңгеге дейін тұратын сыйлық алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке, ал құны одан асып кетсе, қылмыстық жазаға тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. Осы аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Соның аясында мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сала мамандары үшін бірқатар шектеу енгізілді. Құқық қорғаушылардың қызметіне қатысты маңызды жаңалық та бар. Sputnik Қазақстан заңның негізгі мәселелеріне шолу жасайды.

Сыйлық беруге тыйым салынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың айтуынша, жаңа заң жобасын әзірлеу кезінде Азаматтық кодекстің мемлекеттік қызметшілерге қатысы нормасы Қылмыстық және Әкімшілік кодекстермен сәйкестендірілген. Енді мемлекеттік қызметшілерге сыйлық алуға тыйым салынады. Жазасы қатаң. Атап айтқанда, 2 АЕК (5,5 мың теңге) тұратын сыйлық үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ал осы сомадан асып кетсе, мемлекеттік қызметші қылмыстық жазаға тартылады. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге қатысты заңға қол қойды 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу енгізілген адамдардың отбасы мүшелеріне де материалдық сыйақы мен сыйлықтар алуға, тіпті біреудің қызметін пайдалануға тыйым салынады. Ал сыйлық берген заңды және жеке тұлғалардың әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық болып саналады", - дейді Бектенов.

Туған-туыс әріптес бола алмайды

Жаңа заң нормаларына сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар және оларға теңестірілгендер жақын туысы, жұбайы немесе құда-жекжаты атқаратын қызметке тікелей тәуелді лауазымға тұра алмайды. Сол сияқты туысын, жұбайы мен құда-жекжатын өзіне бағынышты қызметке алуға рұқсат жоқ.

Бұдан бөлек, мемлекеттік лауазымға үміткер азаматтар сол ұйымда жұмыс істейтін жақын туысы, жұбайы немесе жекжаттары туралы өзі жұмыс істегісі келіп отырған ұйымның басшылығына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.

Квазимемлекеттік салада бақылау күшейеді

Тоқаев қол қойған заңда квазимемлекеттік секторға қатысты маңызды өзгеріс бар. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа жауапты басшылардың тізімі кеңейіп отыр.  

"Бұдан былай сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті, мемлекеттік бюджеттен және ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу және іске асыруға жауапты, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын квазимемлекеттік компаниялардың қызметкерлері сыбайлас жемқорлық субъектілеріне жатады", - дейді Бектенов.

Оның айтуынша, енді осы санаттағы лауазымды тұлғаларға да сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылады. Ал сыбайлас жемқорлыққа тән құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда жауапкершілікке тартылады. Бұрын заң нормалары квазимемлекеттік компаниялардың бірінші басшыларына ғана қолданылатын. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс-қызмет жүйесі енгізіледі.

"Комплаенс – батыс елдерден келген ұғым. Ол кез келген ұйымда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында кешенді жұмыс жүргізетін, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімше болып саналады", - дейді Бектенов.

Қылмысқа көндіргені үшін жаза қарастырылған

Жаңа заңның тағы бір маңызды тұсы – жедел іздестіру және сотқа дейінгі тергеу кезінде құқық қорғаушылар тарапынан арандатушылық әрекеттерге жол бермеу. Ол үшін Қылмыстық кодекске "қылмысқа арандату" деген 412-1-бап енгізіліп отыр. Ал онда көрсетілген жаза парақорлыққа ғана емес, кез келген қылмысқа қолданылады.  

Мәселен, жедел іздестіру немесе сотқа дейінгі тергеуді жүргізетін лауазымды адам қандай да бір қылмысты әшкерелеу, сол үшін жауапқа тарту немесе бопсалау мақсатында біреуді қылмыс жасауға көндірсе, ондай әрекеттер қылмысқа арандату болып саналады.

Осы қылмыс үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Бұдан бөлек, 10 жылға дейін белгілі бір лауазым мен қызметті атқаруға тыйым салынады. Жазаны тағайындау кезінде зорлық-зомбылық көрсету, бопсалау, мүлікті бүлдіру және тағы басқа мәселелер ескеріледі.

1570
Кілт сөздер:
сыбайлас жемқорлық, заң
Тақырып бойынша
Мемлекеттік қызметшілер туыстарын жұмысқа қабылдай алмайтын болды
Қаскелеңде тұрғындарға дөрекілік танытқан шенеунік жайлы естідім – Жайылғанова
Атырау облысының әкімі орынбасарының кінәсі дәлелденсе, қызметінен кетуге дайын
Қазақстанда жемқорлық субъектілеріне жататын лауазымды тұлғалар шеңбері кеңейтілді
Зертхана қызметкері

Өткен тәулікте Қазақстанда 141 адам коронавируспен ауырды

24
(Жаңартылды 08:10 22.10.2020)
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус індетіне ұшыраған адамдардың саны 109 907 науқасқа жетті

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 141 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Коронаврус індетін жұқтырғандардың ең көбі Шығыс Қазақстан (21) облысында анықталды. Одан кейін Қарағанды облысы (16) мен Нұр-Сұлтан (15) қаласында тіркелді", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 15
  • Алматы қаласы - 11
  • Шымкент қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 9
  • Ақтөбе облысы - 5
  • Алматы облысы - 11
  • Атырау облысы - 12
  • Шығыс Қазақстан облысы - 21
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 6
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 5
  • Қызылорда облысы - 1
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 12
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 9
  • Түркістан облысы – 1.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған адамдардың саны 109 907 науқасқа жетті.

24
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
COVID-19: Ғалымдар антидене ағзада бір ай ғана болатынын анықтады
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
Ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтайтын құрал ойлап тапты
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты
Қазақстан туы

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын нақты істермен қарсы алуымыз керек Тоқаев

1188
(Жаңартылды 21:22 21.10.2020)
Президент тәуелсіздігіміздің отызыншы жылына қуатты, өнімді еңбекпен жету керек екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан — Sputnik. Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысында  президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіздіктің 30 жылдығы қалай атап өтілетінін айтты.

"Келесі жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл айтулы датаны мерекелік іс-шаралармен емес, нақты істермен қарсы алуымыз керек. Тәуелсіздігіміздің 30-жылына қуатты, өнімді еңбекпен жеткен абзал", - деді мемлекет басшысы.

Президенттік айтуынша, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді реформалар жүзеге асырылуы керек.

Ұзақ ойлануға уақыт жоқ, жоғары кеңес жұмыс топтарының алдында мемлекеттік маңызды міндеттер тұр, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев провел первое заседание Высшего cовета по реформам
© Photo : сайт Акорды
Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы

Айта кетсек, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғары Кеңесі "Мемлекеттің тәуелсіздігі және егемендігі туралы" заң қабылдады. Бұл күн - Тәуелсіздік күні, басты мемлекеттік мереке.

1188
Кілт сөздер:
мерейтой, тәуелсіздік, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Назарбаев Тоқаев неге президент болғанын айтып берді
Жоғары кеңестің алғашқы отырысы: Тоқаев алты бағытты айқындады
Әлеуметтік саланы қайта жаңғыртуға арнайы топ жұмылдырылады
"Біліп отырмыз": Моңғолиядағы қазақтар Тоқаевқа хат жолдады
Алматының әкімі Тоқаевқа қандай ұсыныс жасағанын айтты
Құбыр жарылысының маңы, архивтегі сурет

Өскеменде жойқын жарылыстан жұрттың зәресі ұшты

18
(Жаңартылды 09:36 22.10.2020)
Қаладағы шағынаудан мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. 21 қазан күні түстен кейін жойқын жарылыстың дыбысы екі рет естіліп, тұрғындардың зәресі ұшты, деп хабарлайды YK-news.kz.

"Сағат 17.20 шамасында шыққан екінші жарылыс дыбысынан Қазақстан көшесінде тұрған көліктердің дабылқаққышы іске қосылып кетті. Ал КШТ шағынауданы мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтып жатыр", – делінген ақпаратта.

Жұртты үрейлендірген Өскемендегі жойқын жарылыстар 25-шағын ауданда жоспарланған жұмыстар болып шықты. Қазіргі кезде инженерлік инфрақұрылымдар мен кварталішілік сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізіліп жатқандықтан, жару жұмыстарын "Kaz Explo Servis" ЖШС ұйымдастырған.

Оқи отырыңыз: "Бір көзді баланы ертіп жүрдім": Семей өңірінің тұрғыны полигонның зардабы жайлы айтты

18
Кілт сөздер:
Өскемен, жарылыс
Тақырып бойынша
"Оттан қорықпайтын адам жоқ": өмірін адам құтқаруға арнаған әулетпен сұқбат
Нұр-Сұлтанда құбыр жарылып, көшені су басты – видео 
Екі баласын бөлмеге қамап қойған: Шымкент тұрғыны үйді жарып жібермек болды
Ресейде әскери қоймадағы жарылыстан екі адам жарақат алды
Алматыда көшенің қақ ортасында ыстық су бұрқырап атқылады - видео