Кісен салынған қол мен пернетақта, иллюстративті фото

Жасөспірімдерді желі арқылы өлімге жетелеген: интернетте қауіпті топтар көбеюде

293
(Жаңартылды 10:18 12.10.2020)
Статистика бойынша жыл басынан бері әлеуметтік желі ақылы жасөспірімдерді суицидке жетелеген 14 топ анықталған

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Интернет арқылы өрімдей ұл-қыздарды өлімге итеретіндер бастапқыда ешқандай күдік келтірмейді. Балаларға тек ойын түріндегі тапсырмалар береді. Бірақ ақыры өлімге алып барады. Мұны біреу білсе, біреу білмейді. Осындай ойыннан талай отбасы зар иледі, деп хабарлайды 24.kz.

Мектеп оқушысы Камиланың сыныптасы әлеуметтік желідегі қара ниеттілердің құрығына ілінген. Құрбысының тұзаққа түскенін ол бірден аңғармаған. Уақыт өте келе өзімен бірге оқитын қыздың өзгергенін байқайды. Тұйық, ашушаң бола бастапты. Сыныптасымен ебін тауып сөйлесіп, ақыры оның қандай жағдайға тап болғанын біледі.

Жасөспірім әлеуметтік желіде бастапқыда тек ойын деп қабылдап, бір топқа кіргенін айтқан. Қызықты болған. Алғашқыда "сурет сал, суретке түс" деген сынды тапсырмалар беріп отырған. Соңында енді "өз тамырыңды кес" деген.

"Ал әлеуметтік желіде отырған кураторлар "егер тамырыңды кеспесең, біз сенің ата-анаңды өлтіреміз, мекен-жайларыңды білеміз" деп қорқытқан. Осыдан соң сыныптасым тамырын кескенін айтты. Осы жағдайдың бәрін құрбымның өзі баяндап бергенде есеңгіреп қалдым", – дейді зардап шеккен қыздың құрбысы Камилла.

Бұл сұмдықты бірінші болып білген қос қыздың сынып жетекшісі. Кейін тек Камилланың құрбысы емес, өзге де сыныптастары осы ойынды ойнағандарын айтқан. Балалармен психологтар жұмыс істеген. Әйтеуір мұның соңы тыныш аяқталған. Арыстықтар бұл оқиғаны ұмыта бастап еді. Алайда, көп уақыт өтпей, жасөспірімдерді желі арқылы өлімге жетелейтін тағы да бір күдікті құрыққа ілінген. Бұл да осы Арыс қаласында. 

"Түркістан облысы Арыс қаласы тұрғынының осындай суицидтік ойындарға жетекшілік еткені анықталып, ұсталды. Ол өзі құрған телеграм каналдарды пайдаланып, жасөспірімдерді өлімге шақырған. Қазір тергеу, тексеру амалдары жүргізілуде", – дейді криминалды полиция департаментінің аға жедел уәкілі Әлібек Оразалы.

Жедел уәкілдің айтуынша, әлеуметтік желідегі мұндай арампиғылды адамдарды ұстау оңай емес. Өйткені, олар үнемі белсенді болмайды. Жұмыстарын аракідік жүргізіп тұрады. Сондықтан гаджеттің дәуірі жүріп тұрғанда балаға абай болған жөн.

"Ұл-қыздың әрбір әрекетіне жіті мән беру керек. Бала өзін қалай сезініп тұр, не ойлап жүр. Міне, осының бәрін сұрап, саралап отыру қажет", – дейді суицидолог Екатерина Миронова.

Оқи отырыңыз: Суицидке жетелейтін "Синий кит" ойынының баламасы қазақ тілінде пайда болды

Бүгінде ішкі істер министрлігінде ғаламтор, әлеуметтік желіге арнайы мониторинг жүргізіп отыратын тұтас департамент бар. Егер қандай да бір күдік туындаса әлгі топ яки парақша бұғатталады. Бірақ жаңалары да пайда болып жатады. Сондықтан әр баланы үйдегі ересектер жіті қадағаласа, дейді мамандар.

293
Кілт сөздер:
интернет, суицидтің алдын алу, жасөспірімдер
Тақырып бойынша
Суицид үрдісі: әңгімелестік - болды ма?
Жамбыл облысында 20-ға жуық оқушыны "Синий кит" ойынына тартқан
Биыл қазақстандықтар интернеттен нені көп іздеді?
Сенаторлар қашықтан оқытуға байланысты мектептерде қосымша сабақ енгізуді ұсынды
Зағипа Балиева әлеуметтік желілерде қауіпті топтар пайда болғанын ескертті
Арал теңізінің маңындағы Ақкеспе ауылы

Одақ төрағасы ауыл мәселесімен айналысатын арнайы комитет құруды ұсынды

0
Дайрабаевтың айтуынша, ауылдардың қазіргі жағдайы жергілікті тұрғындармен бірлесіп кеңінен талқылауды талап етеді

АЛМАТЫ, 23 қазан – Sputnik. Қазақстан фермерлері одағы қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаев қазіргі ауылдардағы басты мәселелерді санамалап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстанда 230 мыңға жуық түрлі агроқұрылым бар. Оның басым көпшілігі – ұсақ шаруашылықтар. Республика бойынша өндірілетін өнімнің 85%-ін солар беріп отыр. Яғни, бүкіл елді астық өнімдерімен қамтамасыз етуде. Қазіргі кезде ауыл адамдары аса бай деңгейде өмір сүріп жатқан жоқ. Ауыл – қазақ елінің түп тамыры. Сол тамыр жойылса, бұл елдің әлсіреуі деген сөз. Бұл жай айтылып жатқан сөз емес, бұл – қазіргі ащы шындық", – деп бастады сөзін Дайрабаев.

Қауымдастық төрағасы ең алдымен ауыл жолдарын жөндеу қажет екенін айтты.

"Жол инфрақұрылымын дамытпаса, маңдай терін төгіп өндірген өнімді өткізуде фермер де, тұтынушы да зиян шегеді. Жолдардың жағдайын өз көзімен көру үшін атқарушы билік өкілдері сол жолдармен барлық бағытта автокөлікпен жүріп өткендері жөн. Жол мәселесін шешу үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Тіпті "ауыл жолдары" деген нысаналы бағдарлама қабылдап, 3-5 жыл ішінде аймақтарды жолмен қамту қажет", – деді Дайрабаев.

Айтуынша, жол болмаған ауылдарда адам тұрақтамайды. Ауылдардың іші тура соғыстан кейінгідей жағдайда тұр. Бұл Солтүстік Қазақстан облысында қатты байқалады.

"Ауыл жағдайының нашарлауының тағы бір себебі – ауылдың инфрақұрылымдық әлеуметтік мәселелерімен тікелей айналысатын мемлекеттік органның болмауы. Кезінде ауыл шаруашылығы министрлігінде ауылдың әл-ауқаты, мәселелерімен айналысатын арнайы комитет болған. Меніңше, сол комитетті қайта құру қажет", – деді Жигули Дайрабаев.

Қазақстан фермерлері одағы қауымдастығы төрағасының айтуынша, ауылдағы қазіргі жағдайды жергілікті тұрғындармен бірлесіп кеңінен талқылауды талап етеді.

"Көп жағдайда ауылдың тағдырына қатысты маңызды шешімдер министрліктердің кабинетінде қабылданады. Айта берсек ауылда мәселе жеткілікті. Шаруа субсидия, кредит бер деп үкіметтің артынан емес, үкімет соның бәрін ұсынып шаруаның артынан жүруі керек. Себебі өнімді беретін, елді асырайтын – шаруалар. Ауыл шаруашылығы дамыған елдің бәрінде осылай", – деді Дайрабаев.

Оқи отырыңыз: Жапырақ үстіне төселген жол: тұрғындар шағымынан соң құрылыс алаңына әкім шұғыл жетті

Сонымен қатар Қазақстан фермерлері одағы қауымдастығы төрағасының айтуынша, бүгінде елімізде агроном, мал дәрігері секілді ауыл шаруашылығымен айналысатын мамандар тапшы.

0
Кілт сөздер:
әлеуметтік сала, ауыл
Тақырып бойынша
"Өліп жатсаң да келмейді": Алматы облысында ауыл тұрғындары митингіге шықты
Балалардың ерекше құттықтауынан кейін ауыл жолы жөнделетін болды
Қазақстанда бес жыл ішінде 3500 ауыл жаңғыртылады
Ауыл шаруашылығы министрлігі өлген құстарға өтемақы төлеу тәртібін түсіндірді
"Нұр-Сұлтан – Щучинск" ақылы жол уческесінде көпір қирағалы тұр – видео
Сот, архив

Тоқаев судьялар үшін тағы бір талап енгізуді ұсынды

12
Соттарға экономика мен құқықтың өзекті мәселелерін жақсы түсінетін мамандарды тарту қажет, деп есептейді президент

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Дамыған елдерде бұрын азғантай теріс қылығы болған адамды судья қызметіне алмай қояды, осы тәжірибені қолға алу қажет. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Соңғы жылдары судья қызметіне кандидаттарға қойылатын талаптар күшейтілді. Іріктеу тәртібі де өзгерді. Бүгінде мықты заңгерлер, көрнекті ғалымдар және практик құқықтанушылар сот саласында тәжірибесі болмаса да, судья бола алады. Соттарға экономика мен құқықтың өзекті мәселелерін жақсы түсінетін мамандарды тарту қажет", - деді Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезінде.

Осы орайда мемлекет басшысы шет елдердің тәжірибесі негізінде судьяларға қатысты тағы бір талапты қолға алу қажет деп санайды.

"Судьяның репутациясы мінсіз болуы шарт. Ал кандидаттарды іріктеу процесі ашық әрі жариялы түрде өтуі керек. Дамыған мемлекеттердің көбісі судьяларға өте жоғары талап қояды, тіпті бұрын болған азғантай теріс қылығы үшін осы қызметті бермей қояды. Бұл тәжірибені Қазақстанда қолға алу қажет деп санаймын", - дейді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Жоғарғы сот кеңесіне үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Себебі осы құрылым судьяларды іріктеу шараларына жауап береді. Ал Жоғарғы сот жанындағы сот төрелігі академиясына біраз шаруа атқару қажет. Себебі 60 түлектің ішінде 7-уі ғана судьяның жолын таңдайды. Ал олардың дайындығына бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Тағылымдамадан өткен мамандар еңбекақының 70 процентін алып тұрады.

12
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев