Интенсивті терапия палатасындағы дәрігерлер

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

143
Қазір коронавирустан 3 022 адам емделіп жатыр, олардың арасында 72 бала бар. 84 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясынан үш, ал ковидтік пневмониядан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте коронавирустан 3 адам, ал пневмониядан бір адам қайтыс болды.

Өткен тәулікте 74 қазақстандықта коронавирус диагнозы расталса, 34 пациент пневмонияға шалдықты.

Жалпы 13 наурыздан бері республикада барлығы 108 831 адамда COVID-19 инфекциясы анықталды, 1768 науқас көз жұмды.

1 тамыздан бері 34 909 адам пневмониямен ауырды, 368 науқас қайтыс болды.

Министрліктің мәліметінше, қазір коронавирустан 3 022 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 72 бала бар. Стационарларда 2 030 науқас жатыр, 992 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Дәрігерлердің айтуынша, 84 науқастың жағдайы ауыр. Соның ішінде 13-і хәл үстінде жатыр. 11 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

143
Кілт сөздер:
науқастар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1666)
Тақырып бойынша
Өткен тәулікте Қазақстанда 74 адамда коронавирус инфекциясы анықталды
Қонаев ескерткішінің құрылысы тоқтатылды

Алматы облысында Қонаев ескерткішінің құрылысы тоқтатылды

51
20 қазанда әлеуметтік желіде Дінмұхамед Қонаев ескерткішінің суреті мен видеосы тарады. Мүсіншілер мен желі қолданушылары жаңа монументті сынға алды

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Алматы облысында Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіштің құрылыс жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстың мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 қазанда эскиздегі ескерткіш пен желіде тараған сурет арасында айырмашылық болуына байланысты құрылған арнайы жұмыс тобы құрылысты тоқтату туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар ескерткішке қатысты барлық ескертуді жоюға екі апта уақыт берді.

"21 қазанда құрылған жұмыс тобы заңбұзушылықтарды анықтау үшін Балқаш ауданына барды. Барлық жауапты тұлғаны, соның ішінде мүсіншіні жинап, жұмыс тобы ескерткішті орнатуға қатысты құрылыс жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, ескерткіш бойынша барлық ескертуді екі апта ішінде жоюға нұсқау берілді", - деп мәлімдеді облыстың мәдениет басқармасы.

Енді Балқаш ауданының әкімдігі тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссияның қарауына құжаттар мен эскиздік жобаларды қайта ұсынуы қажет.

"2020 жылдың 15 қазанында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін орнату жөніндегі барлық тиісті құжат тексерілді. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық комиссия мақұлдады. Содан кейін барлық тиісті құжат Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілді. 20 қазанда әлеуметтік желі арқылы Қонаевтың ескерткіші мемлекеттік комиссия шешімін күтпестен орнатылғаны белгілі болды", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 20 қазанда әлеуметтік желіде Дінмұхамед Қонаев ескерткішінің фотосы мен видеосы тарады. Мүсіншілер мен желі қолданушылар жаңа монументті сынға алды. Оның талғамсыз жасалғанын жазды.

Бұдан соң облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін орнатуға бюджеттен ақша бөлінбегенін хабарлады. Барлығы демеушілер қаржысына жасалған.

Айта кетейік, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев ескерткішін Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы Қонаев саябағына орнатуды Балқаш аудандық әкімдігі ұсынған.

51
Кілт сөздер:
құрылыс, ескерткіш, Дінмұхамед Қонаев
Тақырып бойынша
"Ол мені қорғап қалды" Дінмұхамед Қонаев туралы не білеміз?
Қонаевтың ескерткіші желіде қызу талқыланып жатыр: арнайы тексеріс болады
Қонаевтың жаңа ескерткіші төңірегінде дау туды – видео 
Нұрғали Нүсіпжанов Дінмұхамед Қонаевтың өзіне не дегенін айтты
Нұр-Сұлтанда мектепке Қонаевтың есімін беру ұсынылды – әкім не дейді?
Кісен, сот залы

Нұр-Сұлтанда директор салық төлемегені үшін бес жылға сотталды

167
"Атырауоблтяжстрой" ЖШС басшысы үш жыл ішінде 1,3 миллиард теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда кәсіпорындардың бірінің директоры 1,3 миллиард теңгеден астам салық төлемегені үшін бес жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің мамандары тергеген. "Атырауоблтяжстрой" ЖШС басшысына аса ірі мөлшерде салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарды деген айып тағылды.

"Құжаттамалық салық тексерісінің актісіне сәйкес, кәсіпорын үш жыл ішінде 1,3 миллиард теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған. Салықтардың қосымша есептелуіне жалған шот-фактуралар жазып берген кәсіпорындармен келісімдер негіз болды", - делінген хабарламада.  

Тағы оқыңыз: Алматылықтың 2 млрд теңгені қалай тапқаны белгілі болды – видео

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы №2 сотының үкімімен кәсіпорын басшысы Қылмыстық кодекстің 245-бабы 3-тармағында қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, ол үш жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқара алмайды.

167
Кілт сөздер:
салық, кәсіпорын, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
"Головлев-Кабдушев" қылмыстық тобының мүшелері сотталды
Қазақстанда сегіз мемлекеттік қызметкер сотталды
Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған қылмыстық топ сотталды
Трансгендерді зорлаған ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері бес жарым жылға сотталды
Жанып тұрған сіріңке, иллюстративті сурет

БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды

0
Он алты жастағы қыз өрт сөндірушілер келгенге дейін екі сіңлісі мен бір інісін терезеден шығарып алған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауылында 16 жастағы қыз үш бауырын өртеніп жатқан үйден алып шықты. Балалардың анасы, 37 жастағы әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төтенше жағдай 27 қазан сағат 02.12-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында болды. Жалпы ауданы 25 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі үй өртенген.

"1983 жылғы үй қожайыны газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Алайда, әйел есін жимастан, ауруханада көз жұмды", - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін әйелдің 16 жастағы қызы екі сіңлісі мен бір інісін терезеден шығарып алған.

Тағы оқыңыз: Кореяда адамдарды өрттен құтқарған қазақстандыққа күтпеген ұсыныс жасалды

Өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды. Алдын ала болжам бойынша, өртке электр жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.

Министрліктің ақпаратынша, тілсіз жау сағат 03.56-да оқшауланып, 04.29-да толық сөндірілді.

ТЖМ тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

0
Кілт сөздер:
қыз, өрт, Батыс Қазақстан облысы