Қара бұрыш

Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды ғалымдар жауабын айтты

2178
(Жаңартылды 12:52 13.10.2020)
Дәмдеуіш дәрумендер мен микроэлементтердің сіңуіне көмектеседі. Алайда халық медицинасын қолданғанда дәрігермен кеңесіп алған жөн

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Қара бұрыш адамның коронавирус жұқтыру мен ағзасында вирус таралуды төмендетеді. Үндістанның технологиялық институтының ғалымдары осындай шешімге келді. 

Зерттеу кезінде ғалымдар сан алуан дәмдеуіштердің вируспен қалай байланысқа түсетінін зерделеп шықты. Сол кезде бұрыштың құрамына кіретін "пиперин" деген заттың белсенділігі барынша байқалды. Дәл осы зат бұрышқа ащы дәм мен өзіне тән иіс береді, деп жазды "Известия".

Ғалымдардың айтуынша, коронавирустың құрамындағы S-ақуызы вирустың бетінде жүреді және тікенектердің өсуіне ықпал етеді. Сол тікенектер вирусқа адам ағзасындағы жасушаларға жабысуға көмектеседі. Ал пиперин S-ақуызын бұғаттай алайды, тікенектерді әлсіз етеді. Осылайша, вирустың адам ағзасына түсу және таралу қабілеті төмендейді. 

Үнді ғалымдары әр түрлі бұрышта пипериннің мөлшері әрқалай болатынын да атап өтті. Мәселен, ұнтақталған бұрышта аздау болады. Ал жаңа тартылған бұрышта көбірек, себебі дәннің ішіндегі пиперин ұзақ сақталады. 

Алдағы уақытта ғалымдар зертханада ғылыми тәжірибе жасап, клиникалық сынақтарды да өткізуді жоспарлап отыр.

Дәрігерлер де сан алуан дәмдеуіштердің адам иммунитетін күшейтіп, қабыну реакцияларын баса алатынын растап отыр. Дәрумендер мен микроэлементтердің сіңуіне көмектеседі. Алайда халық медицинасын қолданғанда дәрігермен кеңесіп алған жөн. Мәселен, асқазаны ауыратын, гипертония мен аллергиясы бар адамдарға ащы дәмдеуіштерді жеуге болмайды.

2178
Кілт сөздер:
ғалымдар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1651)
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Kazpatent коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге қатысты ақпарат таратты
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Дәрігерлер коронавирустан емдеу үшін жылқының антиденелерін пайдаланбақ
Сағынтаев коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы айтып берді
Facebook

Президент блогерлер мен журналистерге ескерту жасады  

379
БАҚ-тың ашықтығы мен жариялылығын сотқа қысым жасау үшін пайдалануға болмайды, деді мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот шешіміне дейін судьяларға қысым жасау мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдары пен әлеуметтік желілер тарапынан судьяларға қысым жасау жағдайлары аз емес. Әдетте былай болады: тергеу әлі аяқталған жоқ, іс те сотқа жіберілмеді, ал кейбір журналистер мен блогерлер жағдайды ушықтырып, судьяның шешіміне болжам жасап жатады", - деді Тоқаев Қазақстан судьяларының VIII съезінде.

Мемлекет басшысы осы мәселеге құқық қорғаушылар да кінәлі екенін жеткізді. Себебі олар адамның ұсталғаны туралы алдын ала хабарлап, оның қылмыскер ретінде көрсетіп қояды. Ал соттың шешімі әлі шықпаған.

"БАҚ-тың ашықтығы мен жариялылығын сотқа қысым жасау үшін пайдалануға болмайды. Сот төрелігі тек сот залында және сот процесінің соңында ғана жасалуы тиіс. Әрбір судья өз әрекеті мен шешіміне жауапты. Ал сотқа қысым жасағаны үшін заң алдында жауап беру керек", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Айта кетейік, бүгінгі жиында судьялар осы мәселеге қатысты өз ұсынысын жасады. Судья Татьяна Курынованың айтуынша, сотқа дейінгі тергеу кезінде барлық ақпаратты тек прокурорлар ғана беруі тиіс.

379
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

"Құтылу қажет": Тоқаев халық сеніміне ие болу үшін не істеу керектігін айтты

596
Тұрақты дамудың негізі - адам құқықтары қорғау және заңның үстемдігі, деп атап көрсетті Қазақстан президенті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Cот билігінің тәуелсіздігі осы жүйеге деген халықтың сенімін арттырудың міндетті шарты болып саналады. Қазақстан судьяларының VIII съезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Отандық және халықаралық сарапшылар судьялардың әлі күнге дейін соттар мен алқалардың төрағаларына тәуелді екенін айтып жатыр. Ондай тәжірибені қабылдай алмаймыз, одан құтылу қажет. Тағы бір маңызды проблема – судьялардың құқық қорғаушыларға тәуелді болуы. Судьяның тәуелсіз екеніне ешкім күмәнданбауы тиіс. Азаматтар, бизнес пен инвесторлар қазақстандық соттардың әділ әрі бейтарап шешім шығарып жатқанына сенімді болуы шарт", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, сот жүйесіне сапалы реформа жасау үшін ең алдымен судьялардың кәсіби дайындығына баса назар аудару қажет. Сот әділдігі болуы шарт. Сондай-ақ, инновациялық технологияларды қолданған жөн.

"Негізгі басымдық – адам құқықтары мен құқық үстемдігі. Жетекші елдердің тәжірибесі бір нәрсені анық көрсетті, тұрақты дамудың негізі ол - адам құқықтары қорғау және заңның үстемдігі. Ал сот билігінің тәуелсіздігі осы жүйеге деген халықтың сенімін арттырудың міндетті шарты болып саналады", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Айта кетейік, Жоғарғы сотта Қазақстан судьяларының VIII съезі өтуде. Отырысқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн байланыс арқылы қатысып отыр.

596
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
кредит

Ауылда әр отбасының мойнында 900 мың теңге кредит бар ҰКП төрағасы

0
Қазіргі уақытта Қазақстан халқының 41%-і ауылды жерлерде тұрып жатыр

АЛМАТЫ, 23 қазан – Sputnik. Қазақстанда ауылдық жердегі әр отбасыда 900 мың теңге кредит бар. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өткен жылы үкіметтің қолдауымен барлық ауыл орталығында скрининг жүргізілді. Оған 2 миллионнан астам үй шаруашылығы қатысты. Соның 42%-і ғана тұрақты табысы бар екенін көрсетіп отыр. Орта есеппен әр үйдің табысы – 81 мың теңге, әр адам басына шаққанда 23 мың теңгеден келеді. Әр отбасының мойнында орта есеппен 900 мың теңге кредит бар", - деді Мырзахметов сенатта ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланған парламенттік тыңдау барысында.

Айтуынша, ауылдағы мәселелерді шешу бойынша 2004 жылдан бастап алты бағдарлама қабылданған.

"Ол моноқалаларды, ауыл шаруашылығы аймағын дамытуға бағытталды. Оған 2 триллионға жуық қомақты ақша бөлінген. Әрине, жетістік жоқ деп айта алмаймыз. Көп мәселе шешілді. Бірақ ауылдың жағдайы әлі де әртүрлі болып отыр. Осындай қаражат салынғанына қарамастан қазіргі үлкен қалалар мен ауыл шаруашылығы дамыған облыстардың арасы өте алшақ болып отыр", - деді Мырзахметов 

Мысал ретінде Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысының экономикасын салыстырды. Айтуынша, екі аймақтың жалпы экономикасының арасы – 11  есе.

"Қазақстан халқының 41%-і ауылда тұрады. 6 300-ден астам ауылды мекен орталықтары бар. Соңғы бес жыл ішінде ықшамдау саясатының арқасында 300-ден астам ауылдық мекеме қысқартылыпты", - деді ол.

Сонымен қатар Мырзахметов кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған "Бастау" жобасы аясында атқарылған істерге тоқталды.

"Үкіметтің қолдауымен соңғы бес жылда "Бастау" жобасын іске асырып отырмыз. Жұмыссыз немесе өзін асырайтын 150 мыңға жуық азамат оқытылды. Ішінде 40 мыңға жуық азамат өз кәсібін ашты. Олардың 93%-і қазір салығын төлеп отыр", - деді кәсіпкерлер палатасының төрағасы.

Айтуынша, бүгінде барлық аудан орталығында кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар ауыл экономикасының жалпы экономикаға әсер ететінін айтқан Мырзахметов ең алдымен бюджет мәселесін шешуді ұсынды.

Мысал ретінде ауыл шаруашылығы дамыған Ақмола облысының бюджетін көрсетті.

"Ақмола облысы бюджетінің 67%-і – әлеуметтік дамуға, экономикалық дамуға 13%-і, 10%-і – инфрақұрылымдық дамуға бөлінген. Яғни, экономиканың дамуына он процент қана қаражат бөлініп отыр. Сондықтан бюджет саясатын нақты өзгертуіміз керек ", - деді ол.

Қорыта келе, ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы ауылдың жер ресурсын тиімді пайдалану қажет екенін айтты. Әр ауыл өз шикізатын өндіруге мамандандырылуы керек. Сондай-ақ, ауылда өндірілеген затты сатуға мүмкіндік жасауды ұсынды.

0
Кілт сөздер:
кредит, ауыл