Қоғам

Министрлік оқушылар күзде қанша күн демалатынын хабарлады

© Sputnik / Ирина АдамоваДорога в школу
Дорога в школу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл оқушылар күзгі демалыс кезінде он күн демалады, олар бесінші қарашада демалысқа шығады

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. Биыл мектеп оқушылары бесінші қараша күзгі демалысқа шығады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігі.

"2020 жылы күзгі демалыс он күнге созылады, оқушылар 5-14 қараша аралығында демалады", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Өткен жылы күзде демалыс 28 қазанда басталып, 3 қарашада аяқталды. 

Айта кетейік, биыл оқу жылы коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан оқу форматында басталды. 

Ал бастауыш сыныптар ата-ана өтініші бойынша мектепте кезекші сыныптарда оқи алады.

Оқу жылы басталған екі жарым ай ішінде Қазақстанда 104 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның 33-і – кезекші сыныпта оқитын балалар.

Биыл қысқы демалыс 11 күнге созылады (31 желтоқсан 2020 жыл - 10 қаңтар 2021 жыл), көктемгі демалыс – 12 күнге жалғасады (20-31 наурыз 2021 жыл).

 

Жаңалықтар
0