Ақша

50 мың теңгелік көмекті кімдер алатыны белгілі болды

10424
(Жаңартылды 17:50 13.10.2020)
Бұған дейін қор есебінен 550 мыңнан астам мұқтаж азамат 50 мың теңгеден алған. Сондай-ақ, пандемиямен күресте елорда мен Алматы қаласының 2 112 медицина қызметкеріне бір реттік төлем жасалды

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. "Birgemiz" қоры 100 мың отбасыға бір реттік материалдық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Соны жүзеге асыру үшін Елбасы тапсырмасымен 5 миллиард теңге Нұрсұлтан Назарбаев қорынан "Birgemiz" қорына аударылды. Сол арқылы 100 мың отбасыға 50 мың теңге көлемінде қаражат беріледі.

"Birgemiz" қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, көмек қаражатты алушылардың 7 санаты бекітілген. Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасы, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетімдер және асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектер немесе соған теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар.

"Көмек алушылардың тізімін бұрынғыдай әкімдіктер ұсынады. Бұл ретте біз бұрын көмек көрсетілмеген азаматтардың алуын қадағалаймыз", – деді қор төрағасы.

Айтуынша, бір реттік көмек жақын күндері беріледі.

Оқи отырыңыз: 100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беріледі – Назарбаев тапсырма берді

Айта кетейік, "Birgemiz" қоры 2020 жылдың наурызында Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықты қолдау үшін құрылды. Бұған дейін қор есебінен 550 мыңнан астам мұқтаж азамат 50 мың теңгеден алды. Пандемиямен күресте алдыңғы шепте болған елорда мен Алматы қаласының 2 112 медицина қызметкеріне бір реттік төлем жасалды.

10424
Кілт сөздер:
материалдық көмек, көмек
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (667)
Тақырып бойынша
Алматыда әбден ашынған балалар Тоқаевтан көмек сұрады
"Атаулы әлеуметтік көмек қысқартылады": ақпаратқа қатысты түсініктеме берілді
Зейнетақы жинағын беру халыққа шынайы көмек пе?
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетті
Жылап тұрып көмек сұраған қостанайлық мұғалімнің бұрынғы күйеуі видео жариялады
Зертхана қызметкері

Өткен тәулікте Қазақстанда 141 адам коронавируспен ауырды

28
(Жаңартылды 08:10 22.10.2020)
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус індетіне ұшыраған адамдардың саны 109 907 науқасқа жетті

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 141 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Коронаврус індетін жұқтырғандардың ең көбі Шығыс Қазақстан (21) облысында анықталды. Одан кейін Қарағанды облысы (16) мен Нұр-Сұлтан (15) қаласында тіркелді", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 15
  • Алматы қаласы - 11
  • Шымкент қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 9
  • Ақтөбе облысы - 5
  • Алматы облысы - 11
  • Атырау облысы - 12
  • Шығыс Қазақстан облысы - 21
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 6
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 5
  • Қызылорда облысы - 1
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 12
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 9
  • Түркістан облысы – 1.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған адамдардың саны 109 907 науқасқа жетті.

28
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
COVID-19: Ғалымдар антидене ағзада бір ай ғана болатынын анықтады
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
Ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтайтын құрал ойлап тапты
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты
Қазақстан туы

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын нақты істермен қарсы алуымыз керек Тоқаев

1195
(Жаңартылды 21:22 21.10.2020)
Президент тәуелсіздігіміздің отызыншы жылына қуатты, өнімді еңбекпен жету керек екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан — Sputnik. Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысында  президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіздіктің 30 жылдығы қалай атап өтілетінін айтты.

"Келесі жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз. Бұл айтулы датаны мерекелік іс-шаралармен емес, нақты істермен қарсы алуымыз керек. Тәуелсіздігіміздің 30-жылына қуатты, өнімді еңбекпен жеткен абзал", - деді мемлекет басшысы.

Президенттік айтуынша, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді реформалар жүзеге асырылуы керек.

Ұзақ ойлануға уақыт жоқ, жоғары кеңес жұмыс топтарының алдында мемлекеттік маңызды міндеттер тұр, деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Глава государства Касым-Жомарт Токаев провел первое заседание Высшего cовета по реформам
© Photo : сайт Акорды
Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы

Айта кетсек, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғары Кеңесі "Мемлекеттің тәуелсіздігі және егемендігі туралы" заң қабылдады. Бұл күн - Тәуелсіздік күні, басты мемлекеттік мереке.

1195
Кілт сөздер:
мерейтой, тәуелсіздік, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Назарбаев Тоқаев неге президент болғанын айтып берді
Жоғары кеңестің алғашқы отырысы: Тоқаев алты бағытты айқындады
Әлеуметтік саланы қайта жаңғыртуға арнайы топ жұмылдырылады
"Біліп отырмыз": Моңғолиядағы қазақтар Тоқаевқа хат жолдады
Алматының әкімі Тоқаевқа қандай ұсыныс жасағанын айтты
Құбыр жарылысының маңы, архивтегі сурет

Өскеменде жойқын жарылыстан жұрттың зәресі ұшты

23
(Жаңартылды 09:36 22.10.2020)
Қаладағы шағынаудан мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. 21 қазан күні түстен кейін жойқын жарылыстың дыбысы екі рет естіліп, тұрғындардың зәресі ұшты, деп хабарлайды YK-news.kz.

"Сағат 17.20 шамасында шыққан екінші жарылыс дыбысынан Қазақстан көшесінде тұрған көліктердің дабылқаққышы іске қосылып кетті. Ал КШТ шағынауданы мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтып жатыр", – делінген ақпаратта.

Жұртты үрейлендірген Өскемендегі жойқын жарылыстар 25-шағын ауданда жоспарланған жұмыстар болып шықты. Қазіргі кезде инженерлік инфрақұрылымдар мен кварталішілік сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізіліп жатқандықтан, жару жұмыстарын "Kaz Explo Servis" ЖШС ұйымдастырған.

Оқи отырыңыз: "Бір көзді баланы ертіп жүрдім": Семей өңірінің тұрғыны полигонның зардабы жайлы айтты

23
Кілт сөздер:
Өскемен, жарылыс
Тақырып бойынша
"Оттан қорықпайтын адам жоқ": өмірін адам құтқаруға арнаған әулетпен сұқбат
Нұр-Сұлтанда құбыр жарылып, көшені су басты – видео 
Екі баласын бөлмеге қамап қойған: Шымкент тұрғыны үйді жарып жібермек болды
Ресейде әскери қоймадағы жарылыстан екі адам жарақат алды
Алматыда көшенің қақ ортасында ыстық су бұрқырап атқылады - видео