Қоғам

"Нұр-Сұлтан – Щучинск" ақылы жол уческесінде көпір қирағалы тұр – видео

© Sputnik / Абзал КалиевПлатные дороги в Казахстане
Платные дороги в Казахстане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде жол айрықтағы автокөлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеу туралы шешім қабылданған

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Республикалық маңызы бар автомобиль жолының "Нұр-Сұлтан – Щучинск" ақылы уческісіндегі металл плиталардың қозғалып тұрған сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерді кең таралуда. Осы жағдайға байланысты жолға жауапты "ҚазАвтоЖол" ҰК" мекемесінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында арнайы хабарлама жариялады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ (@kazautozhol)

"Республикалық маңызы бар "Нұр-Сұлтан – Щучинск" автомобиль жолының  Ақмола облысы Шортанды кенті маңайында 75-ші шақырымда орналасқан жол айрығындағы көпірдің металл плиталарында ақау пайда болды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ақпаратта "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақмола облысының Шортанды ауданының ТЖД (төтенше жағдайлар департаменті) мен әкімдік өкілдері, Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы және "ҚазжолҒЗИ" АҚ-мен бірлесіп осы жол өткеліне комиссиялық тексеру жүргізілгені айтылады.

Оқи отырыңыз: Сарапшылар Алматы облысында салынып жатқан спорт кешенінің құлау себебін анықтады

Сөйтіп, комиссия өкілдері жол өтпесі бойынша автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін жол жүрісін уақытша шектеу туралы шешім қабылдаған.

"Жол өтпесін жақын маңдағы Мықтыкөл және Дамса ауылдарының жол айрықтары арқылы айналып өтуге болады. Анықталған ақаулар қысқа мерзімде жойылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деп жазылған мекеменің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жаңалықтар
0