Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан тағы сегіз адам қайтыс болды

© Sputnik / Тимур БатыршинНовую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице
Новую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде республика бойынша коронавирус инфекциясынан 2 862 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 88 бала бар

АЛМАТЫ, 14 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан сегіз адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, коронавирустан бес адам, коронавирус белгісі бар пневмониядан үш адам көз жұмды.

Пандемия басталғалы 108 984 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 1 776 науқас қайтыс болды. Өткен бір тәулік ішінде 83 адамнан инфекция табылды, бес адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бері 35 234 адамға пневмония диагнозы қойылды, 373 науқас көз жұмды. Өткен тәулікте 321 адамның пневмониямен ауыратыны анықталды, үш науқас қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты

Қазір коронавирус инфекциясынан 2 862 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 88 бала бар. Стационарларда 2 073 науқас жатыр. 789 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

79 науқас ауыр жағдайда жатыр, ішінде 12 науқастың хәлі аса ауыр деп бағаланып отыр. 12 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Жаңалықтар
0