Қоғам

Қазақстанда төтенше жағдай режимі қайта енгізіле ме?

© Sputnik / Абзал КалиевИгровые площадки закрыли на карантин в Нур-Султане
Игровые площадки закрыли на карантин в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтанда бүгіннен бастап карантин қайта күшейді. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің кемінде 60 проценті қашықтан жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус індеті өршісе, төтенше жағдай режимі қайта енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бәрі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Егер жағдай талап етсе, онда енгізіледі. Бірақ біз қызметтер мен халықтың жауапкершілігі арқасында қазіргі тұрақтылықты сақтап қаламыз деген үміттеміз. Әр азамат бетперде тағып, ара қашықтықты сақтап, бұқаралық шаралар ұйымдастырмаса, карантинсіз-ақ бұл жағдайдан шығуға мүмкіндік бар", – деді Цой онлайн баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, егер азаматтар санитарлық талаптарды сақтамаса, инфекция адамнан адамға жұғып, карантин қатаңдатылуы әбден мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қатаң карантин енгізілсе, халық әлеуметтік төлем ала ма?

Айта кетсек, Нұр-Сұлтанда 14 қазаннан бастап карантин қайта күшейді. Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің кемінде 60 проценті қашықтан жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0