Қоғам

Қазақстанның бұрынғы бас санитар дәрігері жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Абзал КалиевГлавный государственный санитарный врач Казахстана Айжан Есмагамбетова
Главный государственный санитарный врач Казахстана Айжан Есмагамбетова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Есмағамбетова бас санитар дәрігер қызметінен қыркүйек айында босатылған болатын, оның орнына Ерлан Қиясов тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. Айжан Есмағамбетова денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Айжан Есмағамбетова 2020 жылдың 20 наурызында Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері қызметіне тағайындалған еді. Ол тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін қатар атқарды. Бас санитар дәрігер лауазымынан қыркүйектің ортасында босатылды.

Есмағамбетова туралы не білеміз?

Айжан Серікбайқызы 1972 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы мемлекеттік медицина университетін гигиенист дәрігер, эпидемиолог мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы №7 емханада фельдшер-зертханашы болып бастайды.

1997-2004 жылдары республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияның аса қауіпті инфекциялар бөлімінде дәрігер-эпидемиолог, дәрігер-бактериолог, зертхана меңгерушісі болып жұмыс істеген.

2004-2014 жылдары мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің құрылымында жетекші маманнан бастап, басшылық қызметке дейінгі түрлі лауазымдарды атқарды.

2014 жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары болды.

2014-2017 жылдары - тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы. 

2017 жылы — стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2017-2020 жылы қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0