Зертхана қызметкері

Өткен тәулікте Қазақстанда 110 адам коронавирус жұқтырды

53
(Жаңартылды 09:16 15.10.2020)
Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус жұқтырып, ауырған адамдардың саны 109 094 адамға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 110 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Олардың дертке шалдыққаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Коронавируспен ауырғаны расталған ең көп жағдай Нұр-Сұлтан қаласы (18) мен Солтүстік Қазақстан облысында (14) анықталды. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысында 12 адамның вирус жұқтырғаны тіркелді", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 18
  • Алматы қаласы - 10
  • Шымкент қаласы - 2
  • Ақмола облысы - 7
  • Ақтөбе облысы - 3
  • Алматы облысы - 4
  • Атырау облысы - 10
  • Шығыс Қазақстан облысы - 12
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 4
  • Қарағанды облысы - 6
  • Қостанай облысы - 3
  • Маңғыстау облысы - 4
  • Павлодар облысы - 11
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 14.

Жалпы, республика бойынша коронавирус жұқтырып, ауырған адамдардың саны 109 094 адамға жетті.

53
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1666)
Тақырып бойынша
COVID-19-бен байланысты қауіпті синдром байқала бастады: ғалымдар дабыл қақты
Ғалымдар ауадағы коронавирусты анықтайтын құрылғы ойлап тапты
Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады
Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты
Ғалымдар COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитет қай жағдайда қалыптасатынын айтты
Қонаев ескерткішінің құрылысы тоқтатылды

Алматы облысында Қонаев ескерткішінің құрылысы тоқтатылды

59
20 қазанда әлеуметтік желіде Дінмұхамед Қонаев ескерткішінің суреті мен видеосы тарады. Мүсіншілер мен желі қолданушылары жаңа монументті сынға алды

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Алматы облысында Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіштің құрылыс жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстың мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 қазанда эскиздегі ескерткіш пен желіде тараған сурет арасында айырмашылық болуына байланысты құрылған арнайы жұмыс тобы құрылысты тоқтату туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар ескерткішке қатысты барлық ескертуді жоюға екі апта уақыт берді.

"21 қазанда құрылған жұмыс тобы заңбұзушылықтарды анықтау үшін Балқаш ауданына барды. Барлық жауапты тұлғаны, соның ішінде мүсіншіні жинап, жұмыс тобы ескерткішті орнатуға қатысты құрылыс жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, ескерткіш бойынша барлық ескертуді екі апта ішінде жоюға нұсқау берілді", - деп мәлімдеді облыстың мәдениет басқармасы.

Енді Балқаш ауданының әкімдігі тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссияның қарауына құжаттар мен эскиздік жобаларды қайта ұсынуы қажет.

"2020 жылдың 15 қазанында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін орнату жөніндегі барлық тиісті құжат тексерілді. Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық комиссия мақұлдады. Содан кейін барлық тиісті құжат Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілді. 20 қазанда әлеуметтік желі арқылы Қонаевтың ескерткіші мемлекеттік комиссия шешімін күтпестен орнатылғаны белгілі болды", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 20 қазанда әлеуметтік желіде Дінмұхамед Қонаев ескерткішінің фотосы мен видеосы тарады. Мүсіншілер мен желі қолданушылар жаңа монументті сынға алды. Оның талғамсыз жасалғанын жазды.

Бұдан соң облыстың мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін орнатуға бюджеттен ақша бөлінбегенін хабарлады. Барлығы демеушілер қаржысына жасалған.

Айта кетейік, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев ескерткішін Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылындағы Қонаев саябағына орнатуды Балқаш аудандық әкімдігі ұсынған.

59
Кілт сөздер:
құрылыс, ескерткіш, Дінмұхамед Қонаев
Тақырып бойынша
"Ол мені қорғап қалды" Дінмұхамед Қонаев туралы не білеміз?
Қонаевтың ескерткіші желіде қызу талқыланып жатыр: арнайы тексеріс болады
Қонаевтың жаңа ескерткіші төңірегінде дау туды – видео 
Нұрғали Нүсіпжанов Дінмұхамед Қонаевтың өзіне не дегенін айтты
Нұр-Сұлтанда мектепке Қонаевтың есімін беру ұсынылды – әкім не дейді?
Кісен, сот залы

Нұр-Сұлтанда директор салық төлемегені үшін бес жылға сотталды

181
"Атырауоблтяжстрой" ЖШС басшысы үш жыл ішінде 1,3 миллиард теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда кәсіпорындардың бірінің директоры 1,3 миллиард теңгеден астам салық төлемегені үшін бес жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істі Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің мамандары тергеген. "Атырауоблтяжстрой" ЖШС басшысына аса ірі мөлшерде салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарды деген айып тағылды.

"Құжаттамалық салық тексерісінің актісіне сәйкес, кәсіпорын үш жыл ішінде 1,3 миллиард теңгеден астам салықты төлеуден жалтарған. Салықтардың қосымша есептелуіне жалған шот-фактуралар жазып берген кәсіпорындармен келісімдер негіз болды", - делінген хабарламада.  

Тағы оқыңыз: Алматылықтың 2 млрд теңгені қалай тапқаны белгілі болды – видео

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы №2 сотының үкімімен кәсіпорын басшысы Қылмыстық кодекстің 245-бабы 3-тармағында қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар, ол үш жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерді атқара алмайды.

181
Кілт сөздер:
салық, кәсіпорын, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
"Головлев-Кабдушев" қылмыстық тобының мүшелері сотталды
Қазақстанда сегіз мемлекеттік қызметкер сотталды
Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған қылмыстық топ сотталды
Трансгендерді зорлаған ҰҚК-нің бұрынғы қызметкері бес жарым жылға сотталды
Жасөспірім

Қостанайда педофил қолынан мерт болған қыздың ағасы жоғалып кетті

0
(Жаңартылды 13:03 27.10.2020)
Қостанай облысы Бағаналы ауылының жиырма жастағы тұрғыны Олег Ганя 15 қазанда үйінен шығып, хабар-ошарсыз кеткен

АЛМАТЫ, 27 қазан – Sputnik. Қостанай облысында полицейлер мен еріктілер 15 қазанда үйінен шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен 20 жастағы Олег Ганяны іздестіріп жатыр.

20 жастағы жігітті іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы еріктілер әлеуметтік желілерде жариялады.

"2000 жылы 23 шілдеде дүниеге келген Олег Ганя Викторович іздестіріліп жатыр. Ол 15 қазанда Бағаналы ауылындағы үйінен Павлов ауылына шығып кеткен. Қостанай қаласында болуы мүмкін", – деп нақтылады еріктілер әлеуметтік желіде.

Олег Ганяның бойы 175 сантиметр, дене бітімі орташа, ақшыл сары шашты, сұр-көк көзді. Үстіне көгілдір түсті камуфляжды костюм киген.

"Оныншы аймақ" пен "Дос" тобының өкілдері іздеу жұмыстарына кірісті. Біз Киев ауылындағы пәтер иелерінің кооперативі аймағынан іздеп жатырмыз. Сол жақтан адамдар хабарласып, көргендерін айтты. Бұл жұмысқа 60-қа жуық ерікті жұмылдырылды. Барлық шара полициямен бірлесіп атқарылуда", – деді Sputnik Қазақстан тілшісімен телефон арқылы сөйлескен қостанайлық еріктілер.

Ал қандай да бір ақпарат беремін деген адамдар 8-777-973-19-40, 8-707-197-18-48, 8-707-252-15-00 телефон нөмірі арқылы хабарласа алады.

Сондай-ақ, еріктілер Олег Ганя Виктория Ганяның үлкен ағасы екенін хабарлады.

Еске салайық, 2014 жылы жеті жастағы қыз педофилдің құрбаны болды.

Виктория Ганя 2014 жылдың 24 сәуірінде жоғалып кетті. Сол күні онымен бірге ойнаған балалардың айтуынша, оны бейтаныс адам белгісіз бағытқа алып кеткен.

Баланы іздеу бір айға жуық уақытқа созылды. Жеті жастағы Викторияның денесін еріктілер Рудный-Тобыл тас жолы бойындағы қараусыз қалған гараж ғимаратынан тапты.

ДНҚ сараптамасы арқылы қылмыскердің жеке басы анықталды.

Оқи отырыңыз: "Ақылымнан адастым": Рудныйда 7 жасар қызды зорлаған педофил қылмысы туралы айтты

Құқық қорғаушылар күдікті Лесниковты ідестіре бастағанда оның түрмеде отырғанын анықтаған. Сөйтсе, ол бұған дейін мерзімінен бұрын бостандыққа шыққанымен, тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектордың тіркеуіне бармай қойған. Сол үшін оған түрмеге қайта отырғызу жазасы қарастырылып, 2014 жылы 29 сәуірде қамады. Ал Виктория Ганя ол қамалардан бес күн бұрын жоғалған.

Тергеу нәтижелері бойынша Денис Лесниковтың Виктория Ганяны өлтіргені толық дәлелденіп, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

0
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, оқиға, педофил
Тақырып бойынша
Павлодар облысында 4 айдан бері жоғалған әскери қызметкер іздестірілуде
Қостанай облысында алты тәулік бойы жоғалған аңшы іздестірілуде
Үнді азаматына тұрмысқа шыққан тараздық келіншек Америкада іздестірілуде
Ақмола облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам іздестірілуде
Алматыда ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде