Қоғам

Сынама нәтижесі Нұр-Сұлтанда өзеннің ластанғанын көрсетті

© Sputnik / Болат ШайхиновЕвразийский университет имени Льва Гумилева на реке Акбулак в Астане
Евразийский университет имени Льва Гумилева на реке Акбулак в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы кезге дейін де астаналық тұрғындар Ақбұлақ өзеніндегі судың түсі өзгергенін байқаған соң, дабыл қаққан

НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан – Sputnik. "Қазгидромет" астана арқылы ағып өтетін Ақбұлақ өзенінің (Есіл өзенінің саласы) суына жүргізілген сынаманың нәтижесін жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін жергілікті тұрғындар Ақбұлақтағы судың бетінде жасыл дақтар пайда болып, өзеннің ластанғанын хабарлаған.

Осыдан кейін "Қазгидромет" мамандары өзеннің үш тұсынан жоспардан тыс сынама алды: қала тұрғындары суретке түсіріп алған жерде (құрылысқа қарама-қарсы тұс), сондай-ақ құрылыс алаңынан жарты шақырым жоғарыда және төменде. 

Су бетінің сапасын талдау 42 физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді.

"Оттегі мен амоний ионын, минералдануды, кальций мен хлоридтерді химиялық тұтыну кезінде шекті рұқсат етілген нормадан асып кетуі тіркелді. Бұл су қоймасының органикалық заттармен және суға тән емес қоспалармен ластануын көрсетеді", – делінген мамандардың қорытындысында.

Ақпарат Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жіберілді.

Қазіргі уақытта оттегінің бес күндік биохимиялық тұтынылуына талдау жасалуда, нәтижелер қосымша хабарланады. 

Есіл өзені суының жасыл түске боялуы биылғы жазда байқалды. Сол кезде мамандар сынама алғанымен, қандай да бір ауытқушылық анықталмаған.

Оқи отырыңыз: Қостанайда су құрамы қауіпті бұлақ көздері анықталды

Кейіннен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз-хатшысы Самал Ибраева мұндай ерекше түсті "судың түрленуі" сияқты табиғи құбылыспен байланыстыруға болады деп болжанатынын мәлімдеген.

Жаңалықтар
0