Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаМодульная инфекционная больница, построенная в течение двух недель в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
Модульная инфекционная больница, построенная в течение двух недель в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1 тамыздан бері елімізде коронавирустық пневмонияның 35 599 жағдайы анықталды. 28 118 адам жазылып шығып, қайтыс болғандар саны 376-ға жетті

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте үш науқас коронавирустан, екеуі COVID-19 белгілері бар пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

16 қазан күнгі жағдай бойынша елімізде 2 618 науқас, оның ішінде 107 бала коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр. Ауруханаларда 2 042 науқас болса, амбулаториялық деңгейде 576 пациент бар. 81 науқастың жағдайы ауыр, 14-і өте ауыр, 12-сі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Үш науқас көз жұмды.

Жалпы, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 109 202 адам коронавируспен ауырып, 1 783 адам қайтыс болды.

Сонымен қатар, өткен бір тәулік ішінде COVID-19 белгісімен 166 пневмония тіркеліп, 58 адам сауығып шықты. Екі науқас қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Қара бұрыш коронавирустан қалай қорғайды – ғалымдар жауабын айтты

Айта кетейік, 1 тамыздан бері коронавирустық пневмонияның 35 599 жағдайы анықталды. 28 118 адам жазылып шығып, қайтыс болғандар саны 376-ға жетті.

Жаңалықтар
0