кісен

Алматыда мәйітхана директорын ұстаған сәттің видеосы жарияланды

1589
Мәйітхана директоры кәсіпкерден 14 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр, ол екі айға қамауға алынды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматыдағы мәйітхана директорын ұстау операциясының видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеодан мәйітхана директорын екі адамның ұстап тұрғанын көруге болады. Осыдан кейін ұсталған адам күрткенің ішкі қалтасынан бір пакет ақша шығарып, жерге тастайды. Екінші қалтасынан тура сондай тағы бір бума ақша шыққан.  

Ресми ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Қалалық патологоанатомиялық бюро" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директорын ұстады.

"Ол салынып жатқан қалалық паталогоанатомиялық бюроға медициналық жабдықтарды жеткізу бойынша қабылдау актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 14 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін айыпталып отыр. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - дейді тергеушілер.

Айта кетейік, 14 қазанда қалалық прокуратура мәйітхана директорының ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Сол кезде оны уақытша ұстау изоляторына қамаған.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жаңа бюро тамыз айының соңында пайдалануға тапсырылатынын айтқан болатын. Оның мәліметіне сәйкес, 1 689 қызметкер кадрлық резервте тұр.

1589
Кілт сөздер:
мәйітхана, видео
Компьютелік томография

Қазақстанда өткен тәулікте 142 адамда коронавирус расталды

5
(Жаңартылды 08:30 27.10.2020)
Бір тәулік ішінде тек екі өңірде COVID-19-ға шалдыққандар тіркелген жоқ. Шығыс Қазақстан облысында вирус жұқтырғандар саны көп

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 142 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Бір тәулік ішінде тек екі өңірде COVID-19-ға шалдыққандар тіркелген жоқ. Шығыс Қазақстан облысында вирус жұқтырғандар саны көп, 30 адам. Нұр-Сұлтанда - 20 адам, Павлодар облысында 14 науқас тіркелді.

Түркістан және Қызылорда облыстарында өткен тәулікте COVID-19 анықталған жоқ.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 20
  • Алматы қаласы - 10
  • Шымкент қаласы - 1
  • Ақмола облысы - 12
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 5
  • Атырау облысы - 5
  • Шығыс Қазақстан облысы - 30
  • Жамбыл облысы - 3
  • Батыс Қазақстан облысы - 9
  • Қарағанды облысы - 10
  • Қостанай облысы - 7
  • Маңғыстау облысы - 3
  • Павлодар облысы - 14
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 11.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 110 684.

Еске сала кетсек, қарашадан бастап Қазақстанның мешіттерінде күн сайынғы бес уақыт намазды оқуға рұқсат етілді. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс. Жұма намазына әлі рұқсат берілген жоқ.

Сондай-ақ, екінші тоқсаннан бастап бала саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептерінің оқушылары сабаққа барады.

5
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты
Алматының орталық мешіті

Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады

102
Қазақстанның мешіттерінде күн сайынғы бес уақыт намазды оқуға рұқсат етілді. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.

Отырыста мешіттер мен театрларға қатысты жаңа ереже бекітілді.

Сонымен, 2 қарашадан бастап күн сайынғы бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат етіледі. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс. Сонымен қатар, 2 метр әлеуметтік арақашықтық, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады. Келушілердің барлығы маска тағуы керек, олардың дене қызуы өлшенеді.

Жұма намазын оқуға әзірге рұқсат етілген жоқ.

Оқи отырыңыз: Екінші тоқсаннан бастап қандай мектептер дәстүрлі форматқа көшеді?

Сондай-ақ театрлардың жұмысы да талқыланды. Залды 30%-ке дейін толтыруға болады, бірақ 100 адамнан асып кетпеуі керек.  Мұнда да әлеуметтік арақашықтық, маска режимі сақталады.    

102
Кілт сөздер:
мешіттер, намаз, жұма намаз
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді
Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады