Микрофон, сахна

Басы дауға қалған әншілер жыл басынан бері қандай оқиғалар болды

1654
(Жаңартылды 18:07 18.10.2020)
2020 жыл коронавирус пандемиясымен есте қалары анық. Биыл концерт пен той-томалақ өткізуге тыйым салынды

АЛМАТЫ, 18 қазан – Sputnik. Карантин кезінде той өткізген өнер адамдары да бар. Ал бір әнші "коронавирус ойдан шығарылған" деп қызу талқыға түссе, енді бірі төрт жыл бұрынғы видеосы үшін сотқа тартылды.

Sputnik Қазақстан басы дауға қалып, қоғамның талқысына түскен өнер адамдарына шолу жасады.

Бесбаев пен Балиева неге жанжалдасты

Жыл басында әнші Мейрамбек Бесбаев пен мәжіліс депутаты Зағипа Балиеваның арасындағы жанжал басталды.

Бесбаев Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланғаннан кейін мәжіліс депутаты жұмысына кедергі келтіріп, қысым көрсетіп жатқанын айтты.

Осы қызметке заңды түрде сайланғанын айтқан әнші бұрынғы басшылықтың жаңа басшылыққа қарсы қоқан-лоқы көрсетіп жатқанын жеткізді.

"Бұрынғы басшылықтың артында сіздің ұлыңыз және өзіңіз тұр екенсіз. Сіз заңды түрде сайланған маған, басқарма мүшелеріне қысым көрсетіп, әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына телефон шалып жатыр екенсіз. Мұныңыз мүлде дұрыс емес деп білеміз!", - деді Мейрамбек Бесбаев Балиеваға қаратып жазылған мәлімдемесінде.

Ал Балиева бұл іске өзінің еш қатысы жоқ екенін айтып, Мейрамбектің қоңырауын күтіп жүргенін айтқан еді. 

Артынша әнші қайта жазба жариялап, істің келісіммен шешілгенін хабарлады. 

"Бір елдің балалары болғандықтан, сөзге тоқтаған текті халықтың ұрпағы болғандықтан, біз ортақ мәмілеге келдік. Сол себептен, қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, құрметті апайымызға қатысты кеше жариялаған постымды алып тастаймын", - деп жазды әнші.

Осылайша жаңа қызметке сайланған "Музарт" тобының әншісі көпшілікті бір дүрліктіріп алған еді.

Қарақаттың шулы жазбасы

Әлеуметтік желіде елдегі жағдайға қатысты ойын жазып отыратындардың бірі – Қарақат Әбілдина. Жылдың басында Жамбыл облысындағы қақтығысқа қатысты пікірін жазған әнші араға көп уақыт салмай жазбасын желіден өшіріп тастаған еді.

Әнші ұлттың жаманы болмайтынын айтып, елді сабырға шақырған болатын. Өз сөзінде дүнген ұлтын "момын, жуас, жанашыр" деп жазды.

"Айдың-күннің аманында әлімжеттік көрген әлсіз қарияға араша түсу – ардың ісі, азаматтың борышы, ұлттың намысы. Мұндайда жұмылған жұдырықтай бірігіп, елдігімізді танытқан ағайынға алғыстан басқа айтар жоқ. "Неге өйттің?" – деп айып тағуға болмайды еш. Десе де, ғасырлар бойы бір нанды бөліп жескен дүнген бауырлардан дүрбелең шықпаған еді ғой. Болмысынан момын, жуас, жанашыр ұлт", - деді ол.

Әбілдина жазбасын өшіруін сөзін халықтың әртүрлі қабылдап жатқанымен байланыстырды. Алайда дүнгендерді жақтау немесе даттау ойында болмаған айтып ақталды.

"Мен жазбамда дүнгенді жақтап жазған жоқпын. Бала тәрбиелеп отырған ана ретінде елдегі тыныштықты сақтап, берекені қашырмасақ деген оймен жаздым. Бізге, біздің балаларымызға соғыстың керегі жоқ. Елдің тыныштығын ойладым. Алайда ашулы халық оны әртүрлі қабылдап жатыр. Мен оған ештеңе айта алмаймын. Тек жағдайдың ушығып кетпеуін қаладым", - деді әнші.

Марат Омаровтың некесіз туған немересі

Наурызда отандық бағдарламаның бірінде түркістандық бойжеткен Марат Омаровтың ұлы Азамат Омаровтан қыз дүниеге әкелгенін айтты. Нәрестеге тегін беруін сұрады. Алайда Азамат Омаров бастапқыда қызды баласы ретінде мойындамады. Себебі оның өз отбасы, бала-шағасы бар. 

Ал Марат Омаров: "Бірден маған келмей ме? Біз өзі аз халықпыз. Мен жалпы қазақ қыздарының жылағанын қаламаймын. Ұлым екеуміздің арамызда ешқашан құпия болған емес. Ал бұл жағдайды маған айтпауы, оның сенімсіздігінен туып отыр. Мен үнемі өз жолың бар деп айтып отырамын. Әкенің малы балаға мал болмайды", - деді әнші.

Марат Омаров егер сәбидің генетикалық жақтан немересі екені дәлелдене, материалдық жағынан да көмек көрсете алатынын айтты.

"Астарлы ақиқат" бағдарламасында ДНҚ сараптамасының нәтижесі хабарланды, соған сәйкес Көзайым есімді сәбидің Омаровтардың отбасына жататыны белгілі болды.

Кейіннен Омаров Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында немересінің жағдайы жақсы екенін айтты.

Нұрлан Еспановты кім дұрыс түсінбей қалды

Карантин басталған кезде "Қазақстанда коронавирус жоқ" деп халықты сабырға шақырған Нұрлан Еспановтың да басы даудың ортасында қалған еді.

"Қалада әдеттегідей кептеліс. Кеше мен өзім шетелде болып келдім ғой. Көрдім. Бір маска киіп жүрген адам жоқ. Ол негізі өтірік. Тым олай эмоцияға беріліп, қаладан қашып, азық-түліктің бәрін алудың қажеті жоқ", - дейді ол көлікте түсірген видеосында.

Айтуынша, әнші халықты сабырға шақыруға тырысқан, алайда бәзбіреулер әншінің ойын дұрыс түсінбеген.

"Магнумға келіншегім барған кезде "мынаны қарашы" деп дүкендегі халықтың дүрбелеңге салынып жатқанын түсіріп жіберді. Мен халыққа "уайымдамаңдар, үкімет барлығыңа азық-түлік жетеді деп айтты" деп басу айттым. Ал оны басқаша түсініп қалды. Оны айтқан кезімде коронавирус біздің елімізге келмеген болатын. Мен халықпен біргемін, Алматыдамын. Ешқайда кетіп қалған жоқпын", - деді әнші Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Лотерея ойнатқан Ернар Айдар

2020 жылдың сәуірінде әнші Ернар Айдар карантин кезінде он екі адам жиналғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол тікелей эфирде ұтыс ойнын ұйымдастырып жатқан жерінен ұсталды. 

Содан кейін Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті Ернар Айдардың таныстарымен бірге әлеуметтік желіде жалған лотерея ұйымдастырғаны хабарлады. Жүлдеге екі седан, екі джип, Алматыдан пәтер, сондай-ақ, түрлі тұрмыстық техника қойылған.

Кейіннен ұтысты ұйымдастырғандардың меншігінде мұндай жүлде болмағаны анықталды. Олар адамдарды алдап, қатысушыларды сендіру үшін төрт автокөлікті жалға алған. Жарнама арқылы жиырма мың билет сатылған, әр билеттің құны – 9 900 теңге болған. Ұтыстан жеңетін нөмір де алдын ала белгіленіп қойған.

Артынша Мейрамбек Бесбаев Ернар Айдардың да алаяқтардың құрбаны болғанын айтты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 𝐌𝐄𝐈𝐑𝐀𝐌𝐁𝐄𝐊 𝐁𝐄𝐒𝐁𝐀𝐄𝐕 (@m_besbaev)

"Сол тірлікке жарнама жасаймын деп мен де алданып қалдым, ағайын", - деді әнші Айдар.

Сейфуллин Жолбарыс кіммен соттасты

Әлеуметтік желіде әнші Сейфуллин Жолбарыстың шулы видеосы тарады. Ол жерде Жолбарыс дүкен ішінде бір ер адаммен сөзге келіп қалғаны түсірілген. Ал әнші өзінің видеодағы дөрекі әрекетіне карантиннің де қатысы бар екенін жасырмады.

Sputnik Қазақстан тілшісіне видеоны жариялаған адамның оқиғасын қалай басталғанын қоспағанын айтты.

"Алдымен мен ренжіп қалдым. Ол жерін видеодан алып тастапты. Жүйкем тозғаннан кейін ғана айғайға көштім, - дейді ол. Алайда екі жақ жанжалға не себеп болғанын айтпауға өзара келіскен.

Сонымен қатар осы видеоға байланысты іс сотқа жолданған. Әнші дөрекі сөзі үшін әкімшілік айыппұл салынуға дайын екенін айтқан еді.

Сондай-ақ, қазіргі кезде айтылған сөз үшін де заң түрінде жауапкершілік бар екені айтып, басқаларды сақ болуға шақырды.

"Бәріміз өлеміз": Кенталдың төрт жыл бұрынғы видеосы

Шілдеде Алматы қалалық полиция департаменті әнші Талғат Кенжеболатовты (Кентал) ұстап әкетті. Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде полиция формасын киген ер адамның видеосы анықталған. Онда автор орыс тілінде "күйзеліске ұшыраған және қиындыққа тап болғандарға" үндеу жолдайды.

"Бәріңе сәлем, достар! Кім күйзеліске душар болса, жүрегі ауырса, жұмыста, отбасында қиындықтар туындаған болса...Біреуді несие қинауы мүмкін. Уайымдамаңыз. Бәрібір бәріміз өлеміз", - дейді ол.

Алматы полициясы видеодағы ер адамның ішкі істер органында қызмет етпейтінін, сондай-ақ, коронавирус инфекциясының таралуына және қайғылы оқиғаларға байланысты үндеу жасауға болмайтынын айтты. Сондай-ақ, полиция әншінің видеосын адамның қайғы-қасіретін мазақ ету деп атады.

Әнші Кентал өзінің Instagram парақшасында мәселенің мән-жайын түсіндірді. Оның айтуынша, видео төрт жыл бұрын түсірілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KENTAL (@kentalkz)

Осы іске байланысты төрт сот отырысы өтті. Sputnik Қазақстан тілшісі онлайн форматтағы сот отырысына қатысқан болатын. Ол жерде Кенталдың мүддесін үш адвокат қорғады. Нәтижесінде Талғат Кенжеболатовқа құқық қорғау органы қызметкерінің формасын кигені үшін 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Той өткізген Төреғали жазаланды ма

Жуырда әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза спортшы Дархан Нортаевқа тұрмысқа шықты. Әлеуметтік желіде сырға салу, ұзату той мен үйлену тойынан фотолар пайда болды. Алматы қаласының полиция департаменті елдегі эпидемиологиялық жағдайда той өткізген жұлдызды отбасыға қызығушылық танытты.

Денсаулық сақтау министрлігі әнші Роза Рымбаева мен Төреғали Төреәлінің отбасында болған тойларға қатысты тексеріс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Министрлік Алматы полициясы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес жазалау шараларын қолдану үшін тексеріс жүріп жатқанын айтқан болатын.

Тазабеков тағы да талқыға түсті

Кейінгі уақытта айтыскер ақын, "Асыл арнаның" директоры Мұхамеджан Тазабековтің "Тәлім trend" бағдарламасын тоқтату туралы ұсыныстар әлеуметтік желіде жиі жарияланып жатыр.

Соған байланысты ақын "Тәлім трендтен" кімнің не зиян көріп отырғанын сұрады.

"Кейбір қаракөздеріміз дабыл қағып, "Мұхамеджан сөйлемесін, Тәлім trend тоқтатылсын" деп даурығатындай кім не бүлдірді? Отбасыңмен отырып кино көре алмай, ұл-қызыңа ойлағаныңды бере алмай, инстаграмнан ютубқа, ютубтан тик-токқа түскен заманда, тағылым іздеген қазақтың "Тәлім trend" тыңдағанынан қандай қасірет көріп тұрмыз?!", - деп жазды Тазабеков.

Кейіннен әнші Сәкен Майғазиев Тазабектің ол бағдарламада дін тақырыбын мүлде көтермейтінін айтып, араша түсті.

1654
Кілт сөздер:
шоу-бизнес, қазақ әншілері
Тақырып бойынша
"Кім не бүлдірді?": Тазабеков өз жобасын тоқтатуды талап еткендерге жауап берді
"Тыңдайтын құлақ жоқ": Мейрамбек Бесбаев Алматы басшылығына ренішін айтты
Қарақат Әбілдина желідегі шулы жазбасы жайлы: "Дүнгендерді жақтамадым"
Полиция әнші Кенталдың видеосын адамдардың қайғы-қасіретін мазақ ету деп атады
Тікелей эфирде ұсталған Ернар Айдардың ісіне қатысты Мейрамбек Бесбаев пікір білдірді
Алматының орталық мешіті

Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады

61
Қазақстанның мешіттерінде күн сайынғы бес уақыт намазды оқуға рұқсат етілді. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысы өтті, деп хабарлады primeminister.kz.

Отырыста мешіттер мен театрларға қатысты жаңа ереже бекітілді.

Сонымен, 2 қарашадан бастап күн сайынғы бес уақыт намазды мешітте оқуға рұқсат етіледі. Бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы тиіс. Сонымен қатар, 2 метр әлеуметтік арақашықтық, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталады. Келушілердің барлығы маска тағуы керек, олардың дене қызуы өлшенеді.

Жұма намазын оқуға әзірге рұқсат етілген жоқ.

Оқи отырыңыз: Екінші тоқсаннан бастап қандай мектептер дәстүрлі форматқа көшеді?

Сондай-ақ театрлардың жұмысы да талқыланды. Залды 30%-ке дейін толтыруға болады, бірақ 100 адамнан асып кетпеуі керек.  Мұнда да әлеуметтік арақашықтық, маска режимі сақталады.    

61
Кілт сөздер:
мешіттер, намаз, жұма намаз
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді
Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандар неге көбейгенін айтты
Нұр-Сұлтанда карантин күшейтіле ме – әкім астаналықтарға үндеу жасады
Архивтегі фото

Екінші тоқсаннан бастап қандай мектептер дәстүрлі форматқа көшеді?

3787
(Жаңартылды 20:22 26.10.2020)
Екінші тоқсаннан бастап бала саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептерінің оқушылары сабаққа барады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мектептерге қатысты шешім қабылдады. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептерінің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіру тапсырылды.  

Сондай-ақ ата-аналардың өтініші бойынша 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді.

"Санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік арақашықтықты міндетті түрде сақтау қажет", - делінген хабарламада.

Өңірлердің әкімдері мектептер мен медицина ұйымдарында санитарлық режимді сақтау жөніндегі жұмысты жеке бақылауға алады.

Еске сала кетейік, қазақстандық оқушылар бірінші тоқсанды қашықтан оқып жатыр. Бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарға бара алады (ата-ананың қалауы бойынша). Сондай-ақ, шалғай ауылдардағы шағын жинақты мектептер дәстүрлі форматта жұмыс істеуде.  

3787
Кілт сөздер:
оқушылар, мектеп
Тақырып бойынша
Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді
Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті – Бекшин
Алматыда бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Қашықтан оқу

Ақтөбе облыстық білім басқармасының былығы ашылды

0
Ақтөбе облысының білім басқармасы 5 000 ноутбуктың әрбіреуін 250 000 теңгеге сатып алған. Алайда ол кезде оның нарықтық бағасы 149 000 теңге болған  

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Ақтөбе облыстық білім басқармасының жұмысын тексерген арнайы бақылау тобы оқушыларға арналған ноутбуктерді жоғары бағамен сатып алу фактісін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Ақтөбе - адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, осыдан екі жыл бұрын облыстық білім басқармасы мен жекеменшік компания арасында компьютерлік техниканың 5 000 данасын жеткізу туралы келісімшарт рәсімделген. Сол кезде әрбір компьютердің бағасы 149 мың теңге болған.

"Алайда білім басқармасы әрбір компьютерді  250 мың теңгеден қабылдапты. Барлық лот бойынша келісімшарттардың жалпы сомасы 1 миллиард 250 миллион теңгеден асып кеткен. Компьютерлердің конфигурациясы әлсіз болған. Оған қоса, сервистік қызмет көрсетілмеген. Ал пандемия кезінде ондай қызметтің болғаны маңызды", - дейді мамандар.

Оқи отырыңыз: Шымкентте білім саласындағы бірқатар басшы істі болды 

Сонымен қатар, техникалық сипаттама бойынша барлық компьютерде үш жылдық сервистік қызмет көрсетуге кепілдік болған. Соған қарамастан, білім басқармасы қажет болған жағдайда техникаға қызмет көрсету үшін тағы бюджеттен ақша бөлген.   

0
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, білім күні
Тақырып бойынша
Әжетханаға камера орнатқан: Павлодар білім басқармасының басшысы өз әрекетін түсіндірді
Оқушыларға берілген роутердің интернет трафигі неге тез таусылып қалады