Қоғам

Ішкі істер министрі әр өңірдегі бас полицейдің аккаунтын жариялады

© SputnikПолиция Казахстана. Архивное фото
Полиция Казахстана. Архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар әлеуметтік желі арқылы өз өңіріндегі полиция департаменті бастығына хабарласа алады

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өңірлердегі полиция департаменті басшыларының Facebook парақшаларын жариялады.

"Көрсетілген сілтеме арқылы облыстардағы полиция департаменті және қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі басшылығымен тікелей байланысуға болады. Азаматтардың ешбір өтініші назардан тыс қалмайды және жауап беріледі", - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Толық тізімді мына жерден көруге болады.

Айта кетейік, ІІМ басшысы азаматтарға жақын болу үшін жақында әлеуметтік желіде парақша ашқан болатын.

"Полицияның ашық және қолжетімді болуын әлеуметтік желілер де қамтамасыз етеді. Ішкі істер органдарының бөлімшелері, полиция департаменті басшылары, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері басшыларының Instagram, Facebook парақшасы бар. Сондай-ақ, egov.kz порталында менің блогым жұмыс істеп тұр, жеке Facebook парақшам бар", - деп жазды Тұрғымбаев.

Жаңалықтар
0