Қоғам

Қорғаныс министрінің екі орынбасары тағайындалды

© Sputnik / Абзал КалиевМинистерство обороны Казахстана
Министерство обороны Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент өкімімен Дарын Тұяқов пен Мұхамеджан Таласов қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы қорғаныс министрінің орынбасарларын тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен Дарын Тұяқов пен Мұхамеджан Таласов қорғаныс министрінің орынбасары болды.

Мұхамеджан Таласов туралы не білеміз?

Мұхамеджан Таласов 2019 жылдың қарашасынан бастап Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Біріккен штабы бастығының орынбасары.

1967 жылы 26 сәуірде Қызылорда облысында туған (Арал ауданы, Сексеуіл станциясы).

Білімі мен мамандығы:

  • Ленинград жоғары әскери инженерлік-құрылыс училищесі (1989);
  • Қазақ мемлекеттік заң академиясы (2001);
  • Орталық Азия университеті (2006);
  • Ұлттық қорғаныс университетіндегі жоғары академиялық курстар (2013);
  • Ұлттық қорғаныс университетінде магистратура мен докторантура (2018).

2010-2013 жылдары ол Қазақстан Қарулы күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, содан кейін – Бас штаб бастығының орынбасары – Қарулы қүштер Бас штабындағы тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің бастығы, 2017-2019 жылдары – Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары.

Дарын Тұяқов кім?

Дарын Тұяқов бұған дейін цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары болған.

Ол 1969 жылы 25 қаңтарда Үшарал қаласында (Алматы облысы) дүниеге келген.

Еңбек жолын Радиотехникалық әуе қорғанысы күштерінің жеке радиолокациялық ротасы командирінің орынбасары ретінде бастады (1990), содан кейін қорғаныс министрлігі мен әділет министрлігінде, Алматы қаласының коммерциялық құрылымдарында, "Қазақтелеком" АҚ бас директоры – аппарат жетекшісі, сондай-ақ, ақпарат және коммуникациялар министрлігінде (2018-2019 жылдары) жұмыс істеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда зейнетақы тағайындау әдістемесі өзгерді: биыл кім қанша алады?

2019 жылдың сәуірінде ол цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш вице-министрі болып тағайындалды (қазіргі кезде цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлігі).

Жаңалықтар
0