Қоғам

Надыров Алматының бас дәрігері қызметінен кетті

© Photo : пресс-служба АДГСПК РККамалжан Надыров
Камалжан Надыров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Надыров бұл лауазымға тағайындалғанға дейін денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған болатын

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Камалжан Надыров Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Камалжан Надыров 2020 жылдың маусым айынан бастап Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымын атқарды. Өзінің жеке өтініші бойынша Надыров бұл қызметтен босатылды", – делінген хабарламада.

Камалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, Тұран университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі.

Сондай-ақ, Назарбаев университетінің жоғары бизнес мектебін (Execuitive MBA) бітірген, "The Fuqua School of Business" Duke University-де (АҚШ), "Parkway College" (Сингапур) оқу орындарында білім алған.

Надыровтың еңбек жолы

Еңбек жолын 2007 жылы интерн-дәрігер, клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, Жарбосынов атындағы "Урология ғылыми орталығы" бас директорының орынбасары болып бастады.

2014 жылдан бастап денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары "Республикалық диагностикалық орталық" ("University Medical Center") директоры қызметін атқарды.

2017-2019 жылдары Астана қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды.

2019 жылдың наурызында денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.

2020 жылдың маусымында Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар қалаған емханасына тіркеле алмай жүр – Надыров себебін түсіндірді

Жаңалықтар
0