Қоғам

Қазақстанда кинотеатрлар қашан ашылатыны белгілі болды

© Depositphotos.com / FotodomКонцерты, кино и рестораны под вопросом — Covid-19 летает дальше чем на два метра
Концерты, кино и рестораны под вопросом — Covid-19 летает дальше чем на два метра - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанда 26 қазаннан бастап кинотеатрлар ашылады, деп хабарлайды үкімет сайты. 

Бұл шешім Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

"2020 жылдың 26 қазанынан бастап кинотеатрлар қашықтықты және маска тағу режимін сақтай отырып, сыйымдылығының 30%-інен аспайтын адам санымен жұмысын қайта бастайды", - делінген ақпаратта.

Алайда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, бильярд және компьютер клубтарының, ойын-сауық мекемелерінің, банкет залдарының, түнгі клубтардың қызметіне салынған тыйым сақталады.

Сондай-ақ, облысаралық жолаушылар тасымалдарына рұқсат берілген жоқ және ортақ вагондарды құруға болмайды.

Айта кетейік, 18 қазандағы жағдай бойынша инфекцияны жұқтыру қарқыны - 0,09%. Инфекциялық ауруханалардың 16%-інде науқастар емделіп жатыр.

Жаңалықтар
0