Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан тағы бес адам қайтыс болды

© AFP 2024 / MICHAL CIZEKВрач в защитном костюме в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врач в защитном костюме в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
COVID-19 пандемиясы басталғалы бері елімізде 109 907 адам инфекция жұқтырып, 1 806 науқас қайтыс болды

АЛМАТЫ, 22 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан үш адам және пневмониядан екі адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ал қазір 2 716 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 177 бала бар.

"Стационарларда 2 118 науқас жатыр. 598 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 101 адамның жағдайы ауыр, оның ішінде 10 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 15 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен тәулікте республика бойынша 181 адамға пневмония диагнозы қойылды. 141 қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды.

Жалпы коронавирус пандемиясы басталғалы 109 907 адам инфекция жұқтырып, 1 806 науқас қайтыс болды.

Оқи отырыңыз: Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды

Бірінші тамыздан бері елімізде 36 381 адамға пневмония диагнозы қойылды, 390 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0