Қоғам

Қазақстанда коронавируспен ауырған адамдар саны 110 мыңнан асты

© AFP 2024 / JEFF PACHOUDСотрудник лаборатории вставляет в держатель пробирки с образцами для анализа на коронавирус
Сотрудник лаборатории вставляет в держатель пробирки с образцами для анализа на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінгі күнге дейін республика бойынша 110 086 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 179 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Індет жұқтырған ең көп жағдай Алматы қаласында (44) тіркелсе, Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының әрбірінде 20 адамнан ауруға шалдыққаны анықталды", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 20
  • Алматы қаласы - 44
  • Шымкент қаласы - 1
  • Ақмола облысы - 10
  • Ақтөбе облысы - 2
  • Алматы облысы - 6
  • Атырау облысы - 9
  • Шығыс Қазақстан облысы - 20
  • Жамбыл облысы - 3
  • Батыс Қазақстан облысы - 8
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 6
  • Қызылорда облысы - 2
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 20
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 10.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша ауырғандар саны 110 086 адамға жетті.

Жаңалықтар
0