Қоғам

Өткен тәулікте бір өңірде коронавирус жұқтырған адам тіркелмеді

© AFP 2024 / MARVIN RECINOSВрачи скорой помощи в защитных костюмах везут больного коронавирусом по коридору больницы
Врачи скорой помощи в защитных костюмах везут больного коронавирусом по коридору больницы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Қазақстан мен Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққандар әлі көп анықталып жатыр. Түркістан облысында бірде-бір адамда COVID-19 расталмады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 148 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады ведомствоаралық комиссия.

Түркістан облысында бірде-бір адамда COVID-19 анықталмады. Шығыс Қазақстан мен Нұр-Сұлтанда індетке шалдыққандар саны әлі көп.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстанда карантин күшейтілетіні белгілі болды. Өскеменде музей, кинотеатр, театр, фитнес орталық, монша және сауналар жабылды. Риддер, Алтай қалалары, Кожохово, Белоусовка, Глубокое, Парыгино, Соловьево ауылдарында кезекші сыныптарды жабу тапсырылды.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 24
  • Алматы қаласы - 9
  • Шымкент қаласы - 3
  • Ақмола облысы - 8
  • Ақтөбе облысы - 4
  • Алматы облысы - 13
  • Атырау облысы - 4
  • Шығыс Қазақстан облысы - 24
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 8
  • Қарағанды облысы - 12
  • Қостанай облысы - 7
  • Қызылорда облысы - 1
  • Маңғыстау облысы - 3
  • Павлодар облысы - 14
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 12

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 110 832.

Жаңалықтар
0